Анечка04Анюта
22.02.2021 16:47

«Елорда», «Нұр-Сұлтан» – мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сарыарқаның төрінде сән-салтанаты жарасқан әсем қала бой түзеді. Біздің ел жаңа ғасырға осындай ауыз толтырып айтарлық ерлікпен енді. Тәуекел – ердің қадамы. Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда, көптің көңілінде күмәннің болғаны шындық. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа леп келді. Зәулім ғимараттар салынды, Елордаға сән кірді, әлем тамсана қарады. Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы. Ол – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасы. Ол – саяси, әлеуметтік, қоғамдық диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы. Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан. Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған – Ақорда, өмір ағашы – «Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл» – барлығы да бірін-бірі қайталамайтын туындылар. Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері бас қаланың сәнін арттыра түседі. Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Нұр-Сұлтан – арман мен қиял әлемі. Тұңғыш Елбасы: «Бұл – ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған халқы бар әсем де мейірлі Бас қаламыз – Нұр-Сұлтан», – деген еді.

2 мәтін
– Сәлем, Жібек, сен Нұр-Сұлтан қаласында болдың ба?
– Сәлем. Жоқ,
бірақ барғым келеді. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет орындары мен көрікті жерлерді белгілеп қойдым.
– Імм, керемет екен! Қай жерлерге бармақсың?
– Алдымен, «Астана Опера» театрына, Пирамидаға, Ұлттық мұражайға барамын.
– Қойш, ол жерлерде қандай қызық бар? Киноға, ойын орындарына барған дұрыс қой.
– Ақгүл, мен мәдени-тарихи жерлерді аралап, білімімді жетілдіремін, ойын орталықтарына да баратын уақыт табылады.
– Иә, сенің айтуың орынды. Мен оны ойламаппын. Егер білімді болсақ, елімізге пайдамыз тиеді. Солай емес пе, құрбым?
– Әрине, дұрыс айтасың. Қазір білімімізді жетілдіру бағытында ізденбесек, кейін кеш болып, бармағымыздыды тістеп қаламыз. Оқудың маңыздылығын түсінгеніңе қуаныштымын. Жарайсың, Ақгүл!
Жібектің сөздері Ақгүлге үлкен ой салғандай болды. Ол бір сәт үнсіз қалды.

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, талдау жасап, кестені толтырыңыз.

1-мәтін 2-мәтін
Тақырыптары
(не туралы екенін жазу)

Стилі

Жанры

Тілдік ерекшеліктері
1-мәтіннен неологизмдерді (жаңа сөздерді) теріп жазыңдар.

2- мәтіннен сұраулы сөйлемдерді, қаратпа сөздерді теріп жазыңдар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
89181790311
07.12.2022 23:05

Қазақтың ұлттық қолөнері.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
popovArtem1156465156
28.08.2020 10:06

Көп санды алып қызыл жұлдыздардың өзегі термоядролық реакцияға түсіп ыдырамаған гелий атомдарынан құралады. Олардың энергиясын гелий қабатының сыртындағы өртенген сутегі қабаты қамдайды. Сондықтан олар алып қызыл жұлдызының РГБ тармақ жұлдызын құрайды. Дегенмен, өзегі көміртегі қатарлы ауыр атомдардан құралған алып қызыл жұлдыздар да болады, олар АГБ жұлдыздары есептеледі. Жұлдыз атмосферасындағы көміртегі мөлшері біршама көбірек АГБ жұлдыздарының спектрлік түрі ЦН -нен ЦР түріне дейін болады.

Объяснение:

малимет

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота