Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі
Менің жұмысым.
Менің атым - Анар. Мен әл-Фараби атындағы ҚазМҮУ-дың экономика
факультетін бітірдім. Сонан соң ҚМЭБИ-ге түстім, оны үздік дипломмен
аяқтадым. Тиянақты, жетік білім алдым. Өзіме ұнайтын, жалақысы жоғары, жұмысты ұзақ іздеуге тура келді. Ағылшын тілін жан-жақты білемін, түрік тілінде еркін сөйлеймін. Бірақ бос қызмет орнына жоқ. Ал қазір фирмалар ұжымға тәжірибелі мамандар іздейд. Өкінішке орай , еңбек өтіліне ие болу үшін жалақысы төмендеу жұмысқа орналасуға тура келді. Қазір Казкоммерцбанктің несие беру бөлімінде жұмыс істеп жүрмін. Несие алушылармен сөйлесу, ақпарат беру, жаңа еңбек тәжірибем маған ұнайды.