netunikaa
28.01.2023 04:09

Тасрам есімде. Сол уакытта несиеге фотоапартты сатып алам десе хабарласы: «Сенің феrоатаратын бар ғой, еекте
бітірушілерін суретке түсіруге калай карайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы каржы емес,
бастысы - суретті сапалы түрде тығару
-Сухбатыла разраст!
Сұхбаттаскан Галымжан Санкібаев
Ə мэтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республіка Сарайы алдындағы аланда Балаларды
қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларынбыз, Қазақстан! Біз жана
алемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.
Бағдарлама аясында: «Меніпрім жұлдыздары жаркырайды» атты балалардың қалалық
фестивалінін анылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылык эстафета.
балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы
және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер
непн көрсетіледі.
І маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен
отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі»
атты жабайы
xairyандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнер ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы
қаласы әкімінің ба з қызметі
А мәтіні Ә мәтіні
Ерекшеліктері Стильдері​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Tus1
25.11.2022 17:04

Менің сүйікті спортшым

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.

Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Dilyash2007
05.11.2020 07:00
Балуан / Палуан - күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иесі.

Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Шығыс елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери қосындардың «күрзішілер» бөліктерін құраған. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар «балуан» деп атайды.

Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққатанымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен [1].

Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.

Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота