
Менің бала кезімнен келе жатқан арманым журналист болу еді. Сол арманыма қол жеткізіп келе жатырмын десем,қателеспегенім. Осы мамандыққа баулыған адамдардың бірі, ол өзімнің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен беретін ұстазым болды. Ол кісі әрдайым қол ұшын беріп, еңсемді ұстайтындай жылы сөздер айтатын.
Енді, міне, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің 3-курс білімгері болып отырмын.
Журналистикаға қызығушылығым былайша оянды: қоғамдағы басылым беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды қызыға оқып, теледидардан шебер сөйлейтін дикторшыларға қызыға қарайтынмын. Мектепті бітіретін кезде, мен өзіме: « Мен білікті,халықтың сөзін сөйлейтін журналист боламын!»,- деп серт бердім. Ойы озық, қаламы ұшқыр журналистер қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, сан қилы оқиғаларға куә болады. Бұл мамандық осы қырымен де қызықты болып көрінеді.
Құдай Бұйыртса, өзім таңдаған мамандығымды жақсы бітіріп, сол мамандықтың иесі болсам арманым жоқ болар еді. Дегенмен де, адамның арманы ешқашан таусылмайды ғой. Болашақта патриотқа, білімге, денсаулыққа, қоғамға байланысты мақалалар көп болады деген мақсат бар.
Тағы айта кетерлік жайт, ол « Жас журналистер» ұйымы тек қана университет қабырғасында емес, сонымен қатар мектеп қабырғасында жүргізілсе жақсы болар еді. Себебі, журналист боламын деген бала, мектеп қабырғасынан бастап, мақала жазуды үйренеді. Болашақ қаламгерлер жан-жақты ойлары өрби түседі.
Ең өкініштісі, ақиқат бар жерде, өтірікте жүреді. Мысалы, газетке мақала жазсаң,ақиқаты бар, ол мақаланы қиып тастайды. Өйткені, қазіргі таңдағы журналистер өкіметтен қорқады. Қорқатын себептері де бар, ақиқатты жазсаң, ертеңінде басын көшеде жатады. Қазіргі журналистер бұрынғы журналистерге жетпейді. Ол кездегі журналистер тайсалмайтын, бәріне төтем беретін журналистер болған. Тіпті, халық үшін жанын пида ету, оларға қорқыныш болған жоқ. Бұл жағдай тек қана ба зде ғана емес, сонымен қатар телевизияда да осы.
Объяснение:
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.