1-билет
Дауыссыздар 3 ке жіктеледі:қатаң, ұяң, үнді
Дауыстылар тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішке.
Жақтың қатысына қарай:ашық, қысаң.
Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік, езулік.
Фонетикалық талдау:
Хабар- 5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты
Х-д-сыз, қатаң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Б-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Р-д-сыз, үнді
Жаңалық- 7 әріп, 7 дыбыс, 4 дауыссыз, 3 дауысты
Ж-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Ң-д-сыз, үнді
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Л-д-сыз, үнді
Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік
Қ-д-сыз, қатаң
2-билет
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.
3-билет
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.
Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.
Негізгі ақпараттар
Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС(атом электр станциясы), СЭС(гидроэлектростанция ), ЖЭС – ң (жылу электростанциясы) күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болады.
Жанама ақпараттар
Қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды.
Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зияны бар.