qwem11
17.04.2020 07:37

120-беттегі, 3- тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіннен етістіктерді тап. Болымды және болымсыз етістіктерді анықта.
Ең бірінші кітапханалар қашан пайда болған?
Ең бірінші кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі мысырлықтар
папирус қағаздарга жазған. Қазақстанда ең бірінші кітапхана 1883 жылы Семейде
ашылған. Кітап қорында 260 том кітап болған. Қазақстан Республикасындағы ең
ірі кітапхана — Ұлттық кітапхана. Ол Алматы қаласында орналасқан. Кітапхана 1931
жылы ашылған. Кітапхананың алғашқы директоры — мемлекет қайраткері Ораз
Жандосов. О.Жандосов кітапханаға Қазақстан туралы, қазақ тіліндегі басылымдарды
жинаған. Кітапхана — рухани байлықты сақтаушы ұлттық кітап қоймасы. Кітапханаға
1991 жылы «Ұлттық кітапхана» деген ат берілді. Кітапханаға 1 жылда 1 миллионнан
астам оқырман келеді, 2 миллиондай кітап қолға беріледі. Ұлттық кітапханада 14 оку
залы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы — әлемдегі ірі
кітапханалардың бірі. Ұлттық кітапхананың ғимараты 1971 жылы арнайы жобамен
салынған. Ол — Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің туындысы. Кітапхана
— Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштердің бірі. Ұлттық кітапхана Мемлекеттің
қорғауында.
• Сен қандай кітапханаларды білесің?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
JimmyN
09.08.2021 20:03

Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймағының бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толықтай, бұрынғы Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында тау-кенші болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын «тар жол, тайғақ кешумен» өткізген небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылс, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің артынан ызғарлы, қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған өнер мұралары қалды. Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр.

0,0(0 оценок)
Ответ:
сабо3
11.10.2020 03:14

Ала жіп аттамау. Қазақ дүниетанымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде тағы басқа әдет-ғұрып қағидаларында „ Ала жіп “ бейнесі қолданылады. Соның бірі- Ала жіп аттамау деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу „ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама“ деген терең мағынаны білдіреді. Біреудің „мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын“ деген сөзі оның ақ-адалдығын білдіреді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота