denasty
24.12.2021 12:44

2. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз. Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме?
Менің жауабым: программист!
Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет.
Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді.
Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған Joomla деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп бастасаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім.
Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды.Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ!
Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Today.kz ақпараттық порталының IT-менеджері болып жұмыс жасаймын.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Djdjdjdjdjje
15.11.2021 03:52
Өз туған тіліңмен қатар, өзің тұрып жатқан елдің тілін білу міндет, ал басқа ұлттың тілін білу қажет деп есептеймін. Себебі, тіл өзге халықтың мәдениетіне , салт-дәстүріне есік ашатын кілт секілді. Жаңа тілді үйренген сайын, адамның ой-өрісі , қоршаған ортаға деген көзқарасы да дамиды. Басқа елдің адамымен араласқан сайын мәдениеттілік те жоғарылайды. Көп тілді білген адам, қартайғанда мидың Альцгеймер, Паркинсон секілді аурулармен ауырмайтынын ғалымдар дәлелдеген. Ал көп адамның арманына айналған басқа елдерге саяхат ше? Қыдырып барған еліңде, біреумен сол тілде сөйлессең, дәрежең жоғарылай түседі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
RIGBY19204
07.06.2021 05:30

Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.

Қазтуған жырау

Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­ғы абыройлы істерін еске салды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабар­дин кінәзі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота