
Шыншыл ертегілер
Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Объяснение:
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.