Ақтөбе - менин қаласым. Ақтөбе қаласы — Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Казақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қалада 300 мыңнан аса халық тұрады. Халқының ұлттық құрамы сан алуан.Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған. Бүгінгі Ақтөбе — өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген.
Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:жүгіру және оқ ату,тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату. Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку