
жалпы адамзаттық құндылықтар
Объяснение:
Бүгін жаһандық мағынада бүкіл әлем адамның абыройы тұрғысынан маңызды бір сынақтан өтіп жатыр. Еш күмәнсіз, адамзат тарихы адам құндылығының аяқ асты болған, абыроймен өмір сүрудің қиындатылған кезеңін басынан өткеруде. Зорлық-зомбылық пен террорлық оқиғалар белең алған, қылмыс пен азғындық әрекеттер жылдам артып отырған дүниеде адами құндылықтарға жараспайтын оқиғаларға жиі кездесіп жатамыз. Жоқ жерден себепсіз соғыс шығару, терроризм, күш қолдану, азап көрсету, зұлымдық, отаршылдық, нәсілшілдік, әділетсіздік, теңсіздік, кемсітушілік, еңбекті бағаламау, аштық, жоқшылық сияқты адам атын қорлайтын жаһандық мәселелер бүгінгі қоғамның деңгейін көрсететін мысалдар. Әлемдік жаңғыру кезеңінде артып отырған рационализациялаумен бірге материалдық тұрғыдан маңызды табыстарға қол жеткізілді. Әсіресе, технология саласында тіркелген дамулар адам өмірін маңызды көлемде жеңілдетті. Алайда, жаңғыру материалдық тұрғыдан өте үлкен жеңілдіктер мен мүмкіндіктер ұсынғанымен қатар, адам мен табиғатты отарлау, соғыс қаупі, қоршаған ортаны ластау, адамзатты рухсыздандыру көптеген проблемаларды да өзімен бірге ала келді. А білім мен технология саласында қарыштап дамығанымен, адам абыройын қорғау мен жоғарылатуда алға баса алмай келеді. Сол себепті мәңгілік құндылықтарды адам бойына қалыптастыруымыз керек.
Арғысы алты ғасырға созылатын қазақ әдебиетінің бастауында тұрған жыраулардың бірі һәм бірегейі – Жиембет Бартоғашұлы. Бір қызығы, туып-өскен жері, ата-қоныс атаулары күні бүгінге дейін өзгермесе де, кіндігінен тараған ұрпақтары өсіп-өніп, «жиембет тана» атанған бір қауымға айналса да, Батыс Қазақстан өңірінде Жиембеттің насихаты мүлде жоқ деуге болады.
Қазақтың ең атақты, ең әлеуетті хандарының бірі болған Еңсегей бойлы ер Есімнің оң тізесін басқан би, қол бастаған батыр, жалындап сөйлеген жырау бүгінде тіл мамандарын даярлайтын ЖОО-ларда бірер семестр жүретін «Хандық дәуір әдебиеті» атты курстың кейіпкері ғана болып қалған. Жиембет жыраудың өмірі мен өнерін, тарихтағы орнын, күні кешегі Махамбетке дейінгі жырауларға әсер-үлгісін ден қойып зерттеген ғалым жоқ секілді. Жыраудың аты-жөнінде, өмір жолындағы тарихи даталарда бірізділіктің болмауы сондықтан болса керек.
Батыс Қазақстан өңірі – бүкіл қазақ эпосының отаны, жорық жыршыларының мекені саналады. Бірақ, біз әлі барымызбен мақтана алмай келеміз. Өткен жылы Астанада Жиембет жырау атына көше берілді. Атырау облысы Индер ауданының атауын Жиембетке өзгеруге ұсыныс жасауда. Ал жырау туып-өскен Батыс Қазақстан облысының бірде-бір елді мекенінде Жиембет жырау атында ең болмаса бір көше жоқ екен...
«DANA.kaz» журналы Жиембет жырау жөнінде бұрын-соңды жарияланған түрлі деректердің басын қосып жариялай отырып, тиісті сала мамандарының назарын аударуды жөн санап отыр.
Жиембет Бартоғашұлы 1570-1575 жылдар шамасында туып, 1643 ж