sinocek1
23.07.2022 12:39

Тыңдалым Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін
әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі
Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.
Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына
1, 82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты
бекеті Қытай шекарасына жакын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға
Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар
жы бөлген.
Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел
станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше. Бейресми
ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық
болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.
Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су электр
станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын пайдалану керек. Алпысқа
жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бізге де
Қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.
Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) Ауыл, зерттеу, топырақ
В) Отан, бала, қала
C) Станциялар, зерттеу, қаржы
1
Д) Зерттеу, адамдар, күш
се пет
анықтаңыз.
1.
[1] СОЧ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
TheDanilDid
19.05.2022 13:14
Ата-ананың қадірін білмеген -  халық қадірін білмес.Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Cyxapuk2
25.09.2022 20:30

Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Оған «Отан отбасынан басталады» деген сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасылық құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп,болашақта отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады.Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек.Қазіргі жахандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты.

Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек олай болмаған жағдайда яғни тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті екенін айтады. Осыдан келіп өз өмірлерін қажетсіз дүниелерге сап етіп жүрген адамдарды көруге болады.Бұл адамдардың озіндік мені,ішкі дүние танымы, өзіндік санасы қалыптаспаған. Осындай адамдарға (сен кімсің? өмірдегі орның қандай? болашақта кім боласың? - деген сұрақтарды қоятын болсаңыз «білеймін»деген жауап естисіз.Бұл деген аталған азаматтың өзіндік ойы, шешімі жоқ екенін дәлелдейді,және қоғамға етене араласып кете алмауының себебі де осы.

Жасыратыны жоқ қазіргі жаһандану заманында отбасылық құндылықтарды қалыптастыратын негізгі факторларды ғаламтор, ашық түрде көрсетілетін ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдары алмастырған. Әрине бұл заманның талабы да шығар... Бірақ ғаламтардың зияны сол адамның санасын улап тастайды, әсіресе жас балалардың. Қазіргі уақытта тіпті бастауыш сыныптардың өзіне реферат жазуға беріледі,әрине үйінде ғаламторлары бар балалар ақпаратты соның ішінен іздейді,бірақ қандайда бір ақпаратты іздеп тапқанның өзінде, ашылған маниторды жан-жағынан басып кеткен уятты суреттер шыға келеді. Жоғарыда отырған әкімшілік осы мәселеге баса назар аударып осындай сайттардың шығуына тыйым салса екен дейміз. Өйткені қазіргі ақпараттандыру заманында бұл жағдай қоғам дамуына өте қауіпті. Бұл айтылған мәселелер қазіргі кезеңде әлеуметтік мәселеге айналып отыр.

Дегенмен де, біздің қоғамның азаматтарының бәрі бірдей өмірде өз орынын таба алмай жүр деуден аулақпын,қалай десек те отбасылық құндылықты қалыптастыратын ата-бабамыздың қанымен келген салт-дәстүріміз бар емес пе.Байқап қарасақ қазақ халқының салт дәстүрінің 90 пайызға жуығы отбасылық қарым-қатынастарды дәріптейтін дүниелерге арналған екен. Бұл деген қазақ халқының отбасылық бірлікті, татулықты қатаң сақтау арқылы ғана берекелі ел боламыз дегені. Мысалы, қой сойылғанның өзінде әр мүшесін келген қонаққа мүшелеп беруінің өзінде мән бар, асар жасау (көптің көмегі асар деген мақал осыдан қалған) бұлда бірліктің негізі. Жалпы айтқанда,адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі жағдайы осы салт-дәстүрлерде ерекше мәнге толы. Мемлекеттің болашағы жастар. Әрбір өскелең ұрпақ осы жақсы қасиеттердің бәрін бойына сіңіріп, болашақты дұрыс болжай алатын саналы азаматтар болса нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттың сақталуы,елдің бірлігі – бойында патриоттық сезім ұялаған жастардың қолында екенін ұмытпайық

Объяснение:

Дурыс

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота