Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Ата-бабаларымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, а әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады.Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн. Күнделікті таңертең оянған бойда төсектен тұрмастан 20 рет терең тыныстау керек, кейін 30-40 минут таза ауада жаяу жүріп, сергіген абзал. Мүмкін болса, таңертең жылы душ қабылдаса игі. Сондай-ақ, таңғы жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз.