Мамандық туралы диалог.
- Әне – міне дегенше, оқу жылы да аяқталып, ұлттық бірыңғай тестілеуге де санаулы күн қалыпты...
- Соны айтсай, өз басымда аздап қорқыныш пен қобалжу бар. Сенің дайындығың қалай?
- Жалпы, жаман емес десем де болады. Негізгі пәндер бойынша өз бетіммен дайындалып, ал бейіндік пән бойынша мұғаліммен қосымша дайындалдым. Өз біліміме сенімдімін.
- Ал сен қандай мамандық таңдап едің?
- Мен болашық дәрігер болуды армандаймын. Адамдардың өміріне араша түсіп, бар білімімді медицина саласына арнағым келеді.
- Бәрекелді, ал сен неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар ғой. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады. Ал менің бала күннен арманым – дәрігер болу, себебі дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
- Дұрыс айтасың. «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз.
- Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
- Жақсы, досым. Ендеше саған тек сәттілік тілеймін, ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, арманыңа қол жеткіз!
- Көп рахмет!
Объяснение:
«Мен бұрын-соңды қазақтар туралы естіген емеспін. Енді мен оларды өте жақсы білемін, білемін, өйткені мен ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің керемет кітабын оқыдым. Мен қазақ халқының керемет адамы және ақыны Абаймен, оның дана әжесі Зере мен анасы Ұлжанмен кездестім. сүйікті қыздар - Тоғжан мен Әйгерім, Абайдың достарымен - қайырымды және батыл адамдармен.Мен бұл батырларға ғашық болдым, мен ұзақ жылдар өмір сүргендей ғашық болдым, олардың қайғы мен қуанышына ортақтастым.Мен қазір солардың қатарындамын және сенің далаңның ауасымен тыныстаймын. Шынында да, қандай керемет халық - қазақтар! Ол туралы «Абай» романында қандай әдемі жазылған! Мен сенің бақытты адамдарыңды шын жүректен қызғанамын және мен сені, Мұхтар Әуезовті, өлмес шығармашылығымен құттықтаймын
Объяснение: