1Маргарет1
26.06.2022 07:23

ЭКСПО-2017 аясында Пласидо Домингоның XXV Халықаралық «Опералия» вокалистер байқауы
өтті.
«Астана Опера» театры екі мәрте лауреат
атанды: А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай»
операсы үшін мәдениет пен өнер саласындағы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы
(2018) мен «Жылдың театрлық алаңы» аталымы
бойынша классикалық өнер саласындағы
«Bravo» Халықаралық сыйлығына ие болды
(Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019).
(166 сөз)
бастама, классикалық өнер, техникалық
жабдықталуы
Париж операсы, вокалистер байқауы, үлкен зал,
Халықаралық сыйлығы
ірі театр, сахна, өнер көрсетті, гастрольдік
сапар, лауреат
қазақстандық әртістер, әлемдік стандарттар,
айтулы ұжымдар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
МАМКУМАЛ2002
09.11.2020 07:49

Астана арман қала

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.  

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.  

0,0(0 оценок)
Ответ:
fivmif
25.09.2022 10:53

Қарапайымдылық деген не?

Адам бойында түрлі жағымды және жағымсыз қасиеттер болатыны анық. Осы жағымды қасиеттердің адам бойында кездесетін ең қадірлісі қарапайымдылық деп білемін. Қарапайымдылық дегеніміз – адамның асып – тасуға талпынбауы, яғни менменшілдіктің болмауы. Қарапайым адамда атаққұмарлық мүлдем болмайды, себебі қарапайым кісі өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалай біледі. Қарапайым адам көкірек көтеріп, өзгелерді үстінен қарамайды, керісінше өзге адамдарды сыйлап, барлығымен жақсы қарым – қатынаста болуға тырысады. Қарапайым адам бойынан тәкаппарлық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, арсыздық, бетпақтық секілді жағымсыз қасиеттер кездеспейді.

Мен үшін қарапайымдылық адамдықтың белгісі іспеттес. Біздің отбасымызда ата – әжеміз үнемі «қарапайым болыңдар, менмендікке жол бермеңдер! Өзгелерді құрметтей біліңдер!» деп өсиеттерін айтып, біздің жақсы тұлға ретінде қалыптасуымызға өз үлестерін қосып отырады. «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты» деп Лев Толстой айтып кеткендей, қарапайым адамның жан дүниесі де сұлу болатыны хақ. Сондықтан құрбыларыма айтарым: өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге жол бермей, керісінше қарапайым әрі кішіпейіл бола білейік!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота