3 тірек сөздер: Жас өнертапқыштар, құлтемір, қоқыс жинайтын машина
2.Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
D) Робот құрастыруда физика, математика, химия, биология пәндерінің берері мол.
3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, құлтемірдің адам өміріне пайдасы туралы ойыңызды жазыңыз.
Ең алдымен «робот дегеніміз не» деген сұрақтың жауабын тауып алайық. Бұл ұғымның нақты бір ресми анықтамасы жоқ. Десек те, роботехника мамандары «өзі қозғалатын немесе қозғалмалы бөліктері бар және өз қимылы арқылы шешім қабылдайтын машинаны» робот деп санайды.
Сол себепті, үйден шығар кезде қосып кететін шаңсорғышыңызды «робот» деп атауға болады. Шаңсорғышыңыз айналасын сезу арқылы үйді жиыстырғанда не істеу керектігін өзі шеше алады.
Ал кір жуғыш машинаны роботтар қатарына жатқызы алмаймыз. Себебі, оның жұмыс ретін сіз таңдай аласыз, ол тек бұйрығыңызды бұлжытпай орындайды. Әрине, бұл тақырыптың даулы тұстары жетерлік. Қазіргі кезде бұл анықтама төңірегінде қызу пікірталастар жүріп жатыр.
Азық-түлікті іріктейтін роботтар. Өткен аптада күріштен тамақ дайындадыңыз делік. Оның әр дәнін өткір, көзді жүйесі бар роботтандырылған машина іріктеген. Күріш сұрыптайтын машиналар – автоматтандыру саласының таңғаларлық жетістігі. Алайда жұрттың көбісі ол туралы хабарсыз. Жалпы, күріш дүкендегідей түсі мен пішіні біркелкі дәндер түрінде өнім береді деп ойлайсаңыз, мүлде қателесесіз.
Күрішті түсіне қарап іріктеу.Күріштің әр дәні өте жүйрік камералармен, жарық пен компьютер пайдаланылатын роботты машина арқылы өтеді. Компьютер әр дәннің суретін сараптап, оны қай сұрыпқа жатқызу керектігіне қатысты шешім қабылдайды. Қажетті ыдысқа бағыттау үшін ауа ағынын қосып не ажыратып тұрады. Бұл қимылды секундына жүздеген рет қайталайды.Осылайша, роботтар түрлі дақылды іріктеп отырады. Бүгінде бұл нарық қарқынды түрде өсіп келеді. Қазіргі таңда бидай, бұршақ және өсімдік тұқымдарын сұрыптайтын роботтар жұмыс істейді.
ІІ. Жазылым.
Дана: Сәлеметсіз бе?
Дана:Сіздерде балалар тіс жуғышы бар ме екен?
Сатушы:Кешіресіз бүгін тауар түсімі түс қайта болатын еді.
Дана:Онда маған әзірге бір нан,бір қорап сіріңке беріңізші.
Сатушы:Мінекей алыңыз.
Дана:Рахмет!Сіздерде тауар бағасы тиімділеу екен.
Сатушы:Рахмет! Келіп тұрыңыз!
Объяснение:
Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.