
Аннотация дегеніміз-кітаптың,мақаланың мазмұнын,бағытын,құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.
Бұл үзіндіде Құнанбайдың жанына жиналған адамдардың түр-түсін,кескін келбетін Абай көркем суреттеген.Сүйіндікті сақал- шашы бір реңдес Құнанбайға тіке қарай алмайтын,әңгімеге жоқ адам ретінде суреттеген.Бөжейді отырғандардың ішіндегі келбеттісі ретінде көрсеткен.Отырғандардың ішінде Құнанбайға қырандай қарап отырған тек Байсал екенін оның көгілдір көзінің салқын әрі сыр бермес салмақты көзқарас екенін ашық жазған.Жанында отырған Қаратай мен Майбасарды шапшаң,еті тірі қағылез ретінде суреттеген.Бұл үзіндіде жиналған адамдардың ішінде Құнанбайдың шоқтығы биік екенін,кез-келген адамның оның жүзіне тіке қарай алмайтынын,сұсты адам болғанын білеміз.Абайдың аңғарымпаздығын,сезімталдығын,әр адамның жүзіне қарап көркем суреттеп,бейнелей алатынын,көзқарасынан адамды таный алатын адами тұрғысын танимыз.
Жекеше түрі:
1-жақ Мен мүсіншімін.
2-жақ Сен мүсіншісің.
2- жақ(сыпайы түрде) Сіз мүсіншісіз.
3-жақ Ол мүсінші
Көпше түрі:
1- жақ Біз мүсіншіміз.
2-жақ Сендер мүсіншісіңдер.
2-жақ(сыпайы түрде) Сіз мүсіншісіз.
3-жақ Олар мүсінші.
Жекеше түрі:
1-жақ Мен қайраткермін.
2-жақ Сен қайраткерсің
2-жақ(сыпайы түрде) Сіз қайраткерсіз.
3-жақ Ол қайраткер.
Көпше түрі:
1-жақ Біз қайраткерміз
2-жақ Сендер қайраткерсіңдер.
2-жақ(сыпайы түрде) Сіздер қайраткерсіздер.
3-жақ Олар қайраткер.
Жекеше түрі:
1-жақ Мен мақтаншақпын.
2-жақ Сен мақтаншақсың.
2-жақ(сыпайы түрде) Сіз мақтаншақсыз.
3-жақ Ол мақтаншақ.
Көпше түрі:
1-жақ Біз мақтаншақпыз.
2-жақ Сендер мақтаншақсыңдар.
2-жақ(сыпайы түрде) Сіздер мақтаншақсыздар.
3-жақ Олар мақтаншақ.
Объяснение: