
қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы .
Есі кеткен ешкі жияр,
Ешкісімен есін жияр.
Нар жолында жүк қалмас.
Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.
Айғырды неден салсаң,
Атты содан мінерсің.
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Ары тартсаң өгіз өледі,
Бері тартсаң арба сынады.
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Түйе ботасымен жарасты,
Тамақ батасымен жарасты.
Бағы тайған адамды,
Түйе үстінде ит қабар.
Ат жаманы таймен ойнар.
Ат тұяғын тай басар.
Есек семірсе, иесін тебер.
Ер тұрманы алтын болса да,
Есектің есек аты қалмас.
Есекті өсек десең,
Иесінің көңіліне келер.
Тегін келген аттың тісіне қарама.
Сыйыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Өгізге туған күн,
Бұзауға да туады.
Ешкі бастаған қой,
Егінге түседі.
Қойшы көп болса,
Қой арам өлер.
Екі қошқардың басы,
Бір қазанға сыймайды.
Қойдың қойдан несі артық,
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық,
Ойлап айтқан сөзі артық.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты.
Айдағаның бес ешкі,
Ысқырғаның жер жарады.
Объяснение:
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.