Доспамбет – жырау, қолбасшы, батыр. Ол 1490 жылы Дон өзені бойындағы Азау қаласында дүниеге келіп, 1523 жылы қаза тапқан. Доспамбет жырау – қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен Стамбұлда болған. Доспамбет жырау толғауларында оның мұрат-мақсаты айқын көрініс тапқан. Отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік – оның жырларының негізгі тақырыбы. Доспамбет жырауларында түркілік тұтастық идеясы бар. Қырым хандығы, Ноғай ұлысы және қазақ халқын бірлікке, іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болуға шақырады.
Жыраудың Отан қорғау, халқын сүю рухындағы «Айнала бұлақ басы таң», «Азау,азау дегенің», «Тоғай,торғай, тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ жайық», тағы басқа жыраулары бүгінгі күнге дейін жеткен. Оларда өзі талай қол бастап, қорғаған елін, жерін, ата қонысын сүйіспеншілікпен жырлайды.
Жюль Верн – француз жазушысы, ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант қаласында 1828 ж. 8 ақпанда туған. Мамандығы заң қызметкері. Театр директорының хатшысы (1851 – 54), қаржы-қаражат агенті (1856 – 64) қызметтерін атқарған. Әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863 ж. «Әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география тарихы туралы зерттеулер жазды. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 1905 ж. 24 наурызда жазушы Жюль Верн Амьенде дүние салды. Оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Верн есімімен аталады