1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықта. А. туған жерді аялау В. еңбекті сүю С. байлықты табу D. елді қорғау [1]
2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты сызылған сөз
тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықта.
А. ешкімге жеткізбеу В. ешқайда бармау С. баяу жүрмеу D. артта қалмау [1]
3. «Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал
екенін анықта.
А. теңеу В. метафора С. эпитет D.кейіптеу. [1]
4. «... Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың
бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықта. [1]
А. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» С. «Қыпшақ Сейітқұл»
В. «Дүние қайтсең табылады?» D. «Атымтай Жомарт»
5. «...Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол
дүкеннің иесі болдым, - деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықта.
А . шешімі В.шиеленісі С. басталуы D. дамуы [1]
6.«...әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi.» деген
Атымтай Жомарттың айтқан ойына 2-3 сөйлеммен өз пікіріңді білдір..