Вставьте пропущенные буквы
Арал теңізі мен Сырдария өзені күн өткен сайын тартылып жатыр. Теңіз суының деңгейі он метр төмендеді, кей жерде су жағадан 120 шақырым қашықтады. Ашылып қалған теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Ғасырлар бойы өсіп тұрған тоғайлар мен шалғындар, жануарлар дүниесі құрып барады. Арал өзінің көліктік және кәсіпшілік маңызынан айырылды.
Бұл апатты жағдай Сырдария, Әмудария суын мақта мен күріш өсіруге пайдаланудан болып отыр. Теңізді құтқарып қалудың мүмкіндігі бар ма, жоқ па?
Республикамызда жағдай бұдан да қиындай түсті. Аралға енді Балқаш тағдыры қосылды. Арал теңізі мен Балқаш көлін бұрынғы қалпында сақтап қалудың бар мүмкіндігі енді қарастырылып жатыр. Бұл қасірет қазір ашық жарияланып, дүниежүзілік масштабқа шықты.