Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңілі жайланған соң, Бейбіттің есіне қарияныңайтқаны түсті.
– Апа, –дедi ол,– мана бір шал: « Жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң!»- дедi, – ол не дегені?
– Сен не дедiң? – деп сұрады Зейнеп.
– Менiң анам үйде дедім.
– Балам-ай, неге осынша кiр, балшық болып келгенінді енді білдім. Ол кісі саған дүрыс айтқан. Жер– бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.
Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады.
– «Жер – анамыз» дейтiн себебіміз,- деді анасы,– iшетін суымыз, жейтін нанымыз – жердікі. Дұрыстап ұғып алғын, тіпті, адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді. Мысалы, жаңағы жеген қаймағың сиырдың сүтінен алынады. Сиыр жердің шөбін жемесе сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам. Сондықтан да Жер – бәріміздің асыраушы анамыз.