ЗЫН
25.06.2020 13:46

Тапсырма Мәтінді тыңдаңыз. Мәтіннің жалпы мазмұнын қысқаша түсіндіріп, оның негізгі ойын анықтаңыз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме?
Менің жауабым: программист!Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет.
Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді.
Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған Joomla деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп бастасаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім.
Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ!
Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Today.kz ақпараттық порталының IT-менеджері болып жұмыс жасаймын.
2-мәтін
Еңбек нарығының мамандарға деген сұраныстың өсуіне сәйкес жұмыссыздардың кәсіби деңгейін арттыру – негізгі бағыттардың бірі. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау үшін оқу орындарын іріктеу конкурстық негізде мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жүргізіліп, 10 оқу орны жеңімпаз деп танылды.
1147 жұмыссыз азаматтар кәсіби біліктілігін 15 мамандық бойынша оқып шықты. Осы бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылмаған 1247 жұмыссыз жастар «Шынайы өмір» жобасы бойынша еңбек нарығында жұмыс іздеу, оның ішінде интернет арқылы және өзін жұмыспен қамту мақсатында бизнес-жоспарлау негізінде оқытылды. Мониторинг көрсеткендей, курсты бітіргендердің 54 пайызы өздеріне жұмыс тапқан. Қалай десек те, облысымызда әлі де болса жалпы жұмыссыздар саны ойландырады: жалпы саны 75000-ға жуық адам. Жұмыссыздық деңгейі – 7,6 пайыз.
Кәсіби оқуды бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуы қиынға соғуда. Жыл қорытындысы бойынша оқуға жіберілгендердің 2 пайызы ғана тұрақты жұмысқа орналасты. Оралмандарды тұрақты жұмысқа орналастыру – шешімін күттірмейтін мәселе. Жұмыс іздеген 242 оралманның 93-і ғана жұмысқа орналастырылды. Бұған олардың сауатының және кәсіби біліктілігінің төмендігі де әсер етуде.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
evzhenko99
01.06.2021 00:56

сәлем

сәлем

сенің ойыңша елеміздегі туризмді қалай ға болады?

менің ойымша елімізде туризмді – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. туризмді арқылы қазақстанның қ жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. қазақстанда туризмді үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, қ және климаттық жағдайлар жеткілікті. тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы ға алғышарттар жасалды.

иә,үстіміздегі жылдың басында «new york times» газеті 52 мемлекеттің тізімін жасап, 2017 жылы туристерге баруға кеңес беретін елдерді жариялапты. ақш басылымы әзірлеген тізімде қазақстан республикасы 26-шы болып тұр. ал еліміздің бұл тізімге енуіне астана қаласында өткен экспо халықаралық көрмесі себеп. жалпы, елімізде туризм саласын мақсатында түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді. елбасы нұрсұлтан назарбаев өзінің «100 нақты қ» ұлт жоспарында да еліміздің туристік ахуалына ерекше назар аударған. ұлт жоспарының 57-қ труистік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторлар тартуды міндеттейді. ал туристік кластер құрудың негізгі мақсаты – туристік нарықта еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. яғни, туристік кластер құру еліміздің әлемдік аренадағы оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

менде осы туризмді ға үлес қосқым келеді.

біз отанымыздың патриотымыз.кез келген қазақ осыған көмектесу керек.

жарайды,сау бол!

кездескенше!

объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
charlie911
09.03.2022 04:56
Жер бетіндегі аналардың тілеуі бір. Ол – мейірімділік, адалдық, бейбітшілік, адамгершілік. Ұрпағының аман-саулығы.Менің де аяулы екі анам бар. Олар: асыл әжем мен аяулы анам. Дүние есігін ашқаннан бері асыл анамның аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындықты сезінбей өсіп келемін. Менен басқа отбасымда тағы да інілерім бар. Әкем мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде. Бізді қатарымыздан қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болса екен деп тілейді. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне мен қуанамын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, кейде көңілсіз болсам, келіп жып жылы алақанымен маңдайымды сипап, бетімнен өпкені, ауыра қалсам, қасымнан кетпей қинала қарайтын жанары – бәрі маған ерекше күш беріп, сәуле шашқан күн сияқты.Менің аяулы әжем – Қожанова Мәрита. Ол анамның анасы. Он баланы туып, бағып-қағып, мәпелеп өсірген қадірлі ана.Отбасының ұйытқысы болып, балалары еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген білімді де мейірімді жандар.Осы ақ жаулықты әжемізді біз, немерелері құрмет тұтамыз, сыйлаймыз. Ол кісіден үлгі аламыз. Аяулы әжеміз әрқашан қасымызда болса деп тілейміз.Кейде анам бір-екі күнге қыдырып кетсе, үй іші де жылусыз қалған сияқты болады. Анам есікті ашып кіріп келгенде, күннің нұры құйылып кеткендей, бәріміз көктемгі жапырақтай жадырап сала береміз.Осы аяулы жандарды кейде ренжітіп алғанымызды да байқай бермейміз-ау. Орынсыз талаптар қойып, еркелігімізді асырып та жібереміз. Дауыс көтеріп жататындарымыз да болады. Бірақ, осы қылықтарымызға анамыздың іштей налып, қиналатынын қайсібіріміз ойламаймыз да ғой. Қателігімізді түсініп, бір ауыз жылы сөз айтып, кешірім де сұрамаймыз. Иә, «алтынның қолда барда қадірі жоқ» екенін біреуіміз түсінсек, енді біріміз түсінбейміз.Бала үшін ананың орны бөлек. Ана – бұлақ, біздің өміріміз анамызбен көрікті.Аяулы Анам! Саған деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қаншама сөз маржанын терсем де, жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сенімен ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы – бір өзіңсің! Қасымда болмасың, өмірімнің сәні де, мәні де болмас. Сен – ақылшым, сен – тірегім, сен – кәусар бұлағым.Әрқашан қасымда болшы, Анашым. Дүниеде сендей асыл жанның болғанына ризамын. Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін, маған деген ыстық ықыласың үшін, аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы жүрегің үшін мың алғыс саған, Анашым!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота