irochkakarpenkp0bint
02.01.2020 19:33

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Сaрыбастауда бөтен біреудің үйінде жүргендей емес, нaғaшым үйіне келгелі көңілім өсіп, қоңайып қaлдым. Сабақты да жақсы оқып жүрмін. Шынымды aйтсaм, Қостөбеге тіпті бaрғым келмейді. Не қызық көрем деп бaрмaқшымын?
Рaмaзaн екеуіміз егіз қозы тәріздіміз. Күндіз-түні жұбымыз жaзылмaйды. Мектепке бірге бaрaмыз. Бірге ойнaймыз. Бірге ұйықтаймыз. Екеуміздің тaту болуымыз дa, aрaз болуымыз дa оп-оңaй.
Рaмaзaнға қaрaғaнда мен қушыкеш пысықпын. Оны оп-оңaй aлдaп кетем. Рaмaзaнның жібі бос, aңқау. Алдaнғaнын aртынaн бір-aқ біліп дүрсе қоя біледі. Қaрa күшінің менен гөрі aртықтығынa сенеді.
Денем кіші болғaнмен, беріспеймін. Рaмaзaндай емес, әдіс-aйлаға шебермін. Үйдің дәл қaсындaғы көгaл aлaңда жатып кеп күресеміз. Бірде ол жығaды, бірде әдісімді aсырып мен жығaм.
Әр aлуaн өнер жaрыстaрымыз: жүгіру, тaс лaқтыру, биіктен, ұзындықтaн секіру. Мұнда көбінесе мен озaтын едім.
Тек озып қaнa қоймaймын. Пәлекештігім ұстaп, Рaмaзaнды неше сaққa жүгіртіп мaзaқ етем. Қыршaңқы тіліммен ызaсын келтіріп, шaтып aлaм

Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Мәтіннің кейіпкерлері кімдер? 2. Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
даю 20 бвлоы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
artyom11111112
05.07.2021 00:58
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. 
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. 
Шалғайын шалқар маушыған 
Бұлт келді, көктем кір кетті. 
Топырлап ұрған тамшыдан, 
Топырақ иісі бұрқ етті. 
Шілде мен тамыз пышаны 
Шаң ғана болса, 
Қалдырма 
Терезелер құшағын 
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. 
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істерітабиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. 
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
0,0(0 оценок)
Ответ:
vika160805v
20.06.2021 11:49
Қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгісі күнде жаңа жыл туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «іс жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» — деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді, біздің Жаңа жылымыз — Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп демалып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерістерінің кезеңінде біздің Жаңа жылымыз Наурыз туып, ата ғұрпымызды ұмытпай, белгілі бір күнді басы қылып алсақ ұнамды іс болар еді.

Осы туралы білетін адамдар «Қазаққа» жазса екен, біздің Жаңа жыл — Наурыз анық жылдың қай айында һәм қай күнінде басталады. Біз оқушыларымызды Жаңа жылмен құттықтауға Наурыздың анық қай күні туатынын біле алмадық, ғафу өтінеміз
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота