Жусан Қазақстанның оңтүстік аймағында өседі.Өсімдікті асқазан,тері,рак ауруларына қарсы емдік дәрі ретінде қолданады.Ертеде бабаларымыз жусанның дермене деген түрін сауда керуенмен Қытай,Англия,Ресейге мол қылып жіберіп отырған.Мамырдың аяғы мен маусымның басында гүлденер алдында жусаның гүлдері мен жапырақтары жиналады.Жусанның тамырлары күзде не ерте көктемде қазып алынады.Өсімдік қағидаларын сақтап жинау оның емдік қасиетін сақтайды.Қазақстанда өсетін итмұрын,жалбыз,долана т.б. өсімдіктердің емдік қасиеттері бар.