Арман адамды қанаттандырады. Адамның арманы ешқашан таусылмайды, яғни армансыз адам болмайды. Әркімнің арманы өзінің жасына, біліміне, өскен ортасына байланысты болса керек. Менің әзірге арманым жақсы оқып, тиянақты білім алу. Адал да, мейірімді болып өсіп, өз жетістіктеріммен ата-анамды қуанту. Мен "Алтын балықтан" ешнәрсе күтпеймін, жетістіктерге өз еңбегіммен жеткім келеді. Арманға жетудің кілті адал еңбек. Ал, еңбектену үшін білім керек. Білім алу үшін көп оқып, көп білуім керек. Міне, менің әзірге арманым осындай. Менің ата-анам мен үшін үлгі. Олар көп жетістіктерге қол жеткізген. Олар бізге бұның бәрі біздің біліміміз бен адал еңбегіміздің нәтижесі,- дейді.
Батаны аталар, әжелер, жалпы қадірлі үлкен кісілер береді. Бата қуаныштың ретіне қарай беріледі. От басына амандық, молшылық тілеп, күнделікті дастархан басында беріледі. Жастарға өмір, бақыт, білім тілеу, сапарға шыққандарға ақ жол тілеу. Тойларда, тойдың себебіне байланысты: тіл ашар , тұсау кесер, бесік той, шілдехана, құрбан айт, ораза айт, туған күн, үйлену тойының баталары. Бата мен тілек ұқсастығы жақсы тілектер айтылуы, айырмашылығы батаны бір адам береді, тілекті барлық адам айта береді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку