
Батыр туса -ел ырысы.
Еліміз өз батырларын
құрметтеген дәріптеп, ұрпаққа үлгі тұтқан. Беу дүние ай, қаншама батыр дүниеге келіп, елі-жері үшін жанын пида етті. Елі үшін туған батырларымыздың есімдері ешқашан ұмтылмақ емес. Әрбір батырдың жүріп өткен жолы шежіре ал тағдыры тарих.Қиындыққа қайыспай, қайсарлығымен, батырлығыме н.дарынды қолбасшы ретінде еліміздің мақтанышына айналған тұлғалардың бірі-Бауыржан Момышұлы. Міне, біздің еліміз өз батырларымызбен
еңселі, ырысты,құтты. Бауыржан Момышұлы-Кеңес одағының батыры, әскери қолбасшы даңқты жауынгер болған жан. Соғыс жылдарында дивизия басқарған екі қазақтың бірі осы Бауыржан атамыз. Бауыржан Момышұлының батырлығы ұрпаққа үлгі.Батыр туса ел ырысы дегендей Бауыржан атамыздың ерлігі еліміздің ырысы. Бәрекелді, еліміз Бауыржандай батыры барына мақтана алады. Батыры көп ел-мықты ел. Бауыржан Момышұлының: Отаның үшін отқа түс күймейсің,-деген қанатты сөзі бар. Отан үшін кеуде төсер батырларымыз көп болсын.
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталар батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлер үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле.