madik0721
23.10.2020 14:17

Теңіз жағасында екі адам жүр. Бірі – Курнос, бірі – Андрей. Кенет
ышқынып, жел гулеп кетті. Қамыстар құлап, топырақ борап, дүние алай -
дүлей борап кетті. Андрей бұл сұмдықты көрді: қатты соққан қара дауыл
мұзды қақ жарып, ашып жіберді. Сіресіп жатқан мұз алға қарай
жылжыды. Теңіз үсті түтігіп кетті. Андрей Курносты жаға қайыққа
қарай сүйрей жөнелді. Иван:
- Есің дұрыс па? – деп айқайлады.
- Әне, балықшылар ығып барады.
- Подумаешь! Ықса, барсын!
Андрей не істерін білмей, сергелеңге түсті. Жанына Жалмұрат жүгіріп
келді. Екеуі қайықты суға түсіріп мінді. Жел қайықты ұшырып ала жөнелді.
Олар жағадан ұзап кетті. Теңіз үстінің дауылы өте қатты, үйдей
толқындар. Жалмұраттың зәресі ұшты. Басы айналды. «Құдай-ай сақтай
көр!» - деп жалбарынды. Андрей қайықты есті. Мұзда ыққан
қайықшыларға жете алмай, өздері адасты. Қараңғы түнде қайықты үлкен
сең соқты. Қайық быт-шыт болды. Екеуі мұздың үстінде қалды.
Ал балықшылар теңізге шыққан соң, жұқа мұз быт-шыт болып жарылды.
Олар жан-жаққа ығып кетті. Балықшылардың біреуі суға құлап, үшеуі үсіп
өлді. Біреуі шалажансар. Еламан, Кәлен, Мөңке, Дос, Рай ғана қалды.
Таң атты. Дауыл басылды. Бұлар ыққан үлкен мұз шыңға тірелді.
Балықшылар: «Қаратүпті қара! Біз Қаратүптен шығыппыз», - деп шулады.
Сақал- мұрты – қырау, беттерін үсік шалған. Осы жерде балықшылар
Жалмұрат пен Андрейдің денесін көрді. Өздерін іздеп шыққандарын түсінді.
Андрейдің тырнақтары жұлынған. Мұз үсті – қан. Өмір үшін жан аласқан.
Жерді тырнағымен тырнаған. Андрей ақкөңіл еді. Промсолда балықшыларға
жаны ашитын жалғыз адам еді.
1.Мәтіндегі балықшылар өмірі қай жерде болған?
А) Каспий теңізінің жағасында
В) Балқаш теңізі жағасында
С) Алакөл көлінің жағасында
Д)Арал теңізі жағасында

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KOROTKOVAKATA
01.01.2022 01:22
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған. Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам: Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
лилька123
01.01.2022 01:22

Қазақстан жерінің көлемі  2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.

Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. Олар: Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар. Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс -Қарағанды облысы.

Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс - Солтүстік Қазақстан облысы.

Еліміздің аумағында Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі, сонымен қатар ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.

Ұзындықтары 500 м асатын өзендер: Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Жем, Талас, Үлкен Өзен, Кіші Өзен, Елек, Ырғыз, Сағыз өзені, Шідерті өзені.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота