kazachok2
02.04.2020 22:45

Менің сүйікті мамандығым эссе Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.

Қазіргі кезде аурулардың атауларын білемін. Мысалы: Миненгит ( Бастағы ісік ауруы), гепатит (сары ауру), туберкулез (өкпедегі құрт ауруы) т. б ауруларды білемін.
Біздің елімізде аталған аурулар көбеюде. Дегенмен бұларға қарсы вакциналарда бар. Мен Маңғыстау облысында тұрамын. Біздің экологиялық жағдайымызға байланысты жастар арасында ісік ауруы орын алуда. Дәрігер адам өмірімен жұмыс жасайтын болғандықтан қателесуге болмайды. Әр бір науқасқа диагноз қою біліктілікті талап етеді. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді.
Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Қазіргі кезде ауруларды емдейтін заманауи аппараттар шықты. Ғалымдар зерттеп, әлі күнге дейін ол ауруды емдей алмаған адамдар өте көп. Мен сол ауруды өзімнің еңбекқорлығыммен, ізденісіммен, өз күшіммен сол ауруды емдегім келеді. Халықты мұндай азаптан құтқарғым келеді. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!...
Міне, мен болашақта осындай дәрігер мамандығының иесі боламын!​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
EfremovMk
14.09.2022 23:26
Баскетбол баскетболдың отаны америка құрама штаттары болып есептелінеді. алғашқы ойын 1891 жылы массачусетс штатының спрингфилд қаласында құрылған христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. сол кезде канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор джеймс нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. алғашында ойынды футбол добымен өткізген. арада бір жыл өткен соң джеймс нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан шахматы шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат   қою.
0,0(0 оценок)
Ответ:
crisisd
08.01.2023 22:02
Тәуелсіз қазақ елінің ақордадай «астана» атты рухани тұғыры бар. ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты айғақтап тұр. астана- тәуелсіздіктің тақ- тұғыры. қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған нұрсұлтан әбішұлындай елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған елбасымыздың парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. елорда бірліктің, ерліктің арқасында қарыштап ң айқын дәлелін көрсетті, әрі бүкіл әлем назарын өзіне аударды. сондықтан тұғырлы тәуелсіздік елдің тұғыры биік,бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына тамшыдай болса да өз мүмкіндігімше үлес қосу үшін, білімді терең меңгеруге ұ. санам- сақ, халқымның- жақ боларына сенемін. өйткені, мен тұғырлы тәуелсіз елдің тұяғымын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота