Nazar0905
01.04.2020 12:39

соч : сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру; 6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазіргі кезде бүкіл жер бетіндегі елдерде, соның ішінде Қазақстанда энергия дефициті байқалады. Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспарында негізінен жылу электр станциялар салыну жоспарланған. Қазіргі үлкен қалалардағы экологиялық жағдайды ескерсек, жылу электр станцияларының қосымша салынуы бұл проблеманы шешудің орнына оны тереңдете түседі.
Сондықтан да бізге қайта толығып отыратын энергия көздерін пайдалану қажет. Мысалы жел энергиясы, су энергиясы, күннің энергиясы. Осы мәселеге Европа елдері және АҚШ негізінен нақты көңіл бөліп, іске асыра бастаған.
Қазақстан Республикасының табиғи климаттық жағдайы жел энергиясын кең түрінде пайдалануға жол ашады. Менің ойымша альтернативті энергия көзі біздің ел үшін осы, жел энергиясы, болмақшы.
Жер бетіндегі соғатын желді пайдаланатын жел диірмендерінің көптеген кемшіліктері бар. Сол себептен жердің бетінен үлкен биіктікте соғатын жел энергиясын пайдалану тиімді.
Жердің бетінен ондаған метр биіктікте желдің жылдамдығы 5 – 6 м/с жетеді. Ол тұрақты және көп мөлшерде энергияны береді. Сондықтан биіктікте қондырғыны пайдалану арқылы кез – келген жерден алуға болатын энергия көзін аламыз.

(146 сөз)
Қазіргі кезде бүкіл жер бетіндегі елдерде және Қазақстанда қандай дефициті байқалады? (1)

Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспарында қандай станциялар салыну жоспарланған? (1)

Альтернативті энергия көзі біздің ел үшін осы неге жел энергиясы болмақшы? (1)

4. Мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз (1)

Ақпарат
шын
жалған
Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспарында негізінен жылу электр станциялар салыну жоспарланған.

Менің ойымша альтернативті энергия көзі біздің ел үшін осы, жылу энергиясы, болмақшы.

Жердің бетінен ондаған метр биіктікте желдің жылдамдығы 6 – 7 м/с жетеді.

5. Сіздің ойыңызша, альтернативті энергия көзі біздің ел үшін осы, жел энергиясы, болмақшы.? Неліктен? (1)

Жазылым
Берілген тақырып бойынша, жазба жұмысын орындаңыз (60-80 сөз). Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, жазба жұмысыңызда , өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдік түрлерін, етістіктің нақ осы шақ түрін, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

«Астана — арман қала» эссе жазыңыз [10]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
katerinkakotoysmyf
29.01.2022 15:39

Электронды кітап ол бір кітапты ғана емес, қажет десеңіз, сіздің үйіңіздегі бүкіл кітапхананы оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды электронды құрылғы. Оны пайдалану жай кітапты оқығаннан гөрі өте ыңғайлы. Өйткені сіз аталған электронды кітаптан өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифтін көлемін, тіпті беттерінің түсін таңдай аласыз. Қалтаға салып жүруге де болады. Электроника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды оқуға арналған кішкентай компьютер десек те болады. Оның экраны электронды сия технологиясын қолдану арқылы жасалған

Көмегім тисе қуаныштымын

0,0(0 оценок)
Ответ:
Волна1610
20.10.2021 17:29

Менің ойымша кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі деп ойлаймын.Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. Менің анамның есімі- Гулмира. Менің ойымша, жер бетіндегі барлық балаға өзінің ақ жаулықты анасы қымбат және алтынға бергісіз. Анасының тірі болғанын немесе қайта келуін аңсап жүрген жас балалар қаншама?! Ал мен бақыттымын, себебі менің анам жанымда, әрдайым құшағына қысып өз махаббатын сыйлайды. Менің анам әлемде жоқ, өмірде жоқ ең мейірімді жан. Әрбір а өзінің анасын әрдайым және мәңгілік мақтан тұтары сөзсіз, тоғыз ай он күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп дүниеге әкелді. Қазақ халқы мақтан тұтатын батыр, әнші, дана ақ жаулықты аналарымыз да бар емес пе?! Мысалы: Күләш Байсейтова, Фариза Оңғарсынова т.б Өзінің есімін тарих сахнасына алтын әріппен жазып қалдырып кеткен аналарға біз әрқашан басымызды иеміз!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота