Schumka12
01.11.2021 21:42

Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.          Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.

        Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп  ауруларға ем болады», - деп жазады. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер  мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.

       Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, денсаулығына үлкен  қауіп төнеді екен.  (143 сөз)

 

Сілтеме: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. 30-бет.

 

1-тапсырма. Төрт нұсқаның ішінен дұрысын белгілеңіз. ​


Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.          Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dalepidorasp0833z
04.10.2021 16:17

Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
loveinyourhard
26.09.2020 20:44

Қазір жиі кездесетін балалар аурулары.

Балалардың жиі кездесетін бірқатар аурулары бар. Олардың барлығының дерлік алдын алуға болады, сондықтан екпе күнтізбесіне сәйкес балалардың екпесін уақтылы алу - осы ауруларды болдырмауға үлкен септігін тигізеді. Балаларда жиі кездесетін ауруларға: желшешек, көкжөтел, ангина, отит, қызылша, сары ауру т.б. жатады.

Енді қысқаша балалар арасында жиі кездесетін аурудың бір түріне тоқталып өтсек.

Желшешек - вирустан тарайтын инфекциялық ауру. Желшешек ауа арқылы тарайды, мысалға дәліз бойымен желшешек сырқатты адам жүріп, артынша дені сау адам өтсе, ауруды жұқтыруы ықтимал. Сырқаттың инкубациялық уақыты 21 күнге дейін. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. Ол бөрткендерді қасуға болмайды, себебі кейін жазылған соң орны тыртық болып қалып қояды. Балаларда әдетте бұл ауру жеңіл түрде өтеді, көбінесе бір ауырғаннан кейін иммунитет пайда болады. Дегенмен, қайталап ауру да мүмкіндігі болады. Желшешекпен ауырған балаға көп сұйықтық ішкізіп, дене температурасын қадағалап, бөрткенге дәрігердің кеңесі бойынша арнайы жақпа май немесе жасыл дәрі (зеленка) жағады. Сырқат баланың жатын бөлмесін жиі желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп отырған дұрыс. Бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін далаға серуендеуге шығуға болады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота