zhannayachmenev
17.05.2021 19:44

1. Қажетті сөзді белгілеңіз. Мен қазір , ал Руслан әлі оқушы. *
А) студентім
В) студентті
С) студентпін
Д) студентсің
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз үйіміз қаланың шетінде орналасқан. *

А) менің
В) сенің
С) оның
Д) біздің
3. «Сараң» сөзіне қарама-қарсы мәнді сөзді табыңыз. *

A) Еңбекқор
B) Жомарт
C) Беделді
Д)Ұқыпты
4. «Бұрышта тұрған күлгін үстелді жинау керек»-сөйлеміндегі сын есімді белгілеңіз *

А) Бұрышта
В) Күлгін
С) Үстелді
Д) Жинау керек
5. «–Тің» жалғауын талап етіп тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз *

А) Мектеп... жанында
В) Ауыл... барғанда
С) Үй... шыққанда
Д) Қала... шетінде
6. «Холодильник» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз *

А) тоңазыткыщ
В) тоназыткыш
С) мұздатқыш
Д) тоңазытқыш
7. Жақшадағы сөздерді аударыңыз.Асүйде терезенің (возле) тоназытқыш, ал бөлменің (в центре) үстел тұр. *

А) жанында, ішінде
В) қасының, ортасында
С) ортасында, үстінде
Д) қасында, ортасында
8. Ілік септіктегі сөзді көрсетіңіз *

А) Ауылға кел
В) Көшенің басы
С) Адамды сипатта
Д) Үйден шықты
9. Жіктік жалғау жалғанған зат есім *

) Ғылым таппай мақтанба.
В) Сен өз жігіттеріңе басшысың.
С) Ақыл азбайды, білім тозбайды
Д) Ақынның хаты өлмейді
10. 16:31, 06:44 дұрыс уақытты көрсетіңіз *

А) Сағат тура төрт, тура алты
В) Төрттен елу бес минут кетті, жиырма минутсыз алты
С) Төрттен отыз бір минут кетті, он алты минутсыз жеті
Д) Сағат он бес минутсыз жеті, оннан жиырма минут кетті
11. Заттың есептік саны түрінде көрсетілген сөйлемді белгілеңіз. *

А) шахмат жарысы сағат үште басталады.
В) дойбы ойыны туралы үшінші әңгімені оқыдым.
С) тоғызқұмалақ жарысына біздің топтан үш адам қатысты.
Д) шахмат ойыны бірінші рет Үндістанда пайда болды.
12. Сөздің екінші бөлігін қойыңыз.Жауын- *

жел
В) боран
С) шашын
Д) жаңбыр
13. Қате жазылған сөз тіркесі *

біздің балабақшамыз
В) емхананың қасында
С) оның көйлекі
Д) университетте оқимын
14. Жіңішке қосымша жалғанатын сөзді белгілеңіз. *

А) заңгер
В) хатшы
С) құрылысшы
Д) бағбан
15. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз *

A) Ой
B) Атадан
C) Бұрғы
D) Ауылдас
16. Петропавл педагогика институты қашан ашылды? *

А) Бір мың тоғыз жүз отыз жетінші жылы
В) Бір мың тоғыз жүз елу бесінші жылы
С) Бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы
Д) Екі мың бірінші жылы
17. Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.Мен сағат жетi жарымда iшемiн. *

А) түскі тамағымды
В) таңертең тамақ
С) кешкі асқа
Д) таңертеңгi тамағымды
18. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаны қойыңыз.Нұр-Сұлтан көше... жарық. *

А) -лары
В) -лері
С) -дары
Д) -тері
19. Сөйлемді аяқтаңыз. «Еденде кілем ... » *

А) ілулі тұр
В) төселіп жатыр
С) пісіріліп жатыр
Д) қағылу
20. Көп нүктенің орнына қажетті cөзді қойыңыз.Менің құрбымның сұр, қара, пұшық. *

А) көзі, шашы, мұрны
В) шашым, көзім, бойым.
С) шашы, көзі, бойы.
Д) көзі, бойы, шашы
21. «Сәлемдесу» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді табыңыз. *

А) қоштасу
В) амандасу
С) шақыру
Д) құттықтау
22. Мезгілді білдіріп тұрған сөзді көрсетіңіз. Мен көктемде олимпиадаға барамын. *

А) барамын
B) мен
C) олимпиадаға
Д) көктемде
23. Ауыспалы осы шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз. *

А) Мен келесі жылы университетке түсемін.
B) Мен қазір университетте оқимын.
C) Мен педагогика факультетінде оқып жатырмын.
Д) Мен ертең кітапханаға бармақпын
24. Жақшада тұрған уақытты анықтаңыз. Сабақ (16:40) аяқталған соң, сағат (18:30) үйірмеге барамын. *

А) қырық минутсыз төрт, бес жарым
B) жиырма минутсыз төрт, бес жарымда
C) жиырма минутсыз бесте, алты жарымда
Д) жыиырма минутсыз төртте, алты жарты
25. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Қыс соң көптен күткен көктем де келеді. *

А) -ты
B) -тан
C) -пен
Д) -тың
26. Көп нүктенің орнына қажетті cөзді қойыңыз. ... құрбымыз қай факультетте оқиды. *

А) менің
В) оның
С) сенің
Д) біздің
27. «Ажар» сөзіне мәндес сөзді табыңыз. *

А) қол
В) бет
С) аяқ
Д) мойын
28. Күшейту мағынасындағы тіркесті белгілеңіз. *

А) сабағы жақсы
В) өте жақсы оқиды
С) жақсы студент
Д) менен жақсырақ
29. Жақшаға алынған сөзге мәндес сөзді көрсетіңіз. Ерсұлтан университетті биыл (бітірді). *

А) қоштасты
В) барды
С) аяқтады
Д) бастады
30. Қалау райдағы тұрған сөйлемді көрсетіңіз *

А) ертең жаңбыр жауады.
B) мен білікті дәрігер болғым келеді.
C) менің қарындасым жеңіл атлетикамен айналысады.
Д) мен бүгін университеттен ерте келсем, киноға барамыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kakniet
05.10.2022 14:33

Үш жүз алпыс бес жасадым болып жуан,
Қырық сегіз қызды болдым бір алуан.
Қатар өскен бар менің он екі ұлым,
Бір ұлым бар олар да ерек туған.
/Бір жыл, қырық сегіз жұма,он екі ай,бір ай/.

Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе, 
Болсын дейміз жасы ұзақ.
/Жыл он екі ай,үш жүз алпыс күн, күн мен түн/.

Үш жүз алпыс бес шығыршық,
Қырық сегіз тығыншық,
Аққу жылына екі рет балалайды.
/Үш жүз алпыс бес күн,қырық сегіз жұма,екі айт/.

Үш жүз алпыс алты анасы,
Қырық сегіз болар баласы.
Он сегіз  бөлек ұясы,
Ішінде екі ақ жұмыртқасы.
/Жыл,бір жылдағы апта,күн,ай/.

Үй артында бір дуан,
Бір ұлы бар ханға дуан,
Қырық сегіз қызы бар,
Бәрі жуан.
/Бір жыл,бір ай ораза,бір жылдағы қырық сегіз жұма/.    

Тауда дарақ, екі бұтақ,
Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.
/Жыл, жаз, қыз/.

Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып,
Отыздан әр бірінде саусағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.
/Жыл, он екі ай, отыз күн/.

Базардан бір текемет алдым сатып,
Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран қатып.
/Жаз бен қыс/.

Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.
/Жыл, жаз, қыс/.

Күзетші бір-екі адам ол жаһанда, 
Ораулы он екісі бір шапанда.
Ұстайды он екісі отыз шоқпар,
Қырық  құрық даярлаулы қашағанға.
Қарасам жеңі бесеу ол шапанда,
Көрмедім бұндай шапан бұл жалғанда.
Аузы жеңдерінің бүрмеленген  
Анықтап он екі пар түймеленген.
Апырмай, есебі жоқ толып жатқан,
Қиындық ойлап тұрсам тарау-тарау бұл не деген?
/Жыл,күн, жұма/.

Алты арыстанды үш бөрі сорған, 
Жілігін шақпай майын сорған,
Терісін теспей қанын сорған.
/Алты арыстан - алты ай жаз,
үш ай тоқсан/.

Аспанда қаһарланған алты терек,
Ұясы алтауының бөлек-бөлек.
/Алты ай қыс/.

Жолда кеткен ақ қоян,
Жолға қарап отырды.
Қарға менен құзғынды,
Ұйқыменен жоқ қылды.
/Қыс/.

Көрсең реңді, қарасаң көрікті,
Ол болмаса жұрттың бәрі
Бір бәлеге жолықты.
/Жаз/.

Шақырса келмес,
Жаяу жүрмес.
/Жаз/.

Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.
/Он екі ай, жаз бен қыс/.

Екі үлкен нар көрдім,
Бірінің жақсы нұры бар,
Бірінің жаман түрі бар,
Арасында үзілмес бұйда жібі бар.
/Жаз бен қыс/.

Шілдедей шуақ күні бар,
Бұлбұлдайын үні бар.
Көк шалғыны құлпырған,
Масатыдай түрі бар.
Қызықтырған адамды,
Неше түрлі гүлі бар.
/Май айы/.

Бір адамға он екі егіз, 
Бір егізде біреусіз сегіз.
/Ай мен апта/.

Бір ұяда жеті жұмыртқа.
/Апта/.

Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,
Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Болғанда бірі қара, екіншісі - 
Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.
/Күн, түн/.

Алдымен қара тұлпар озық келер, 
Арғымақ мойнын созып кейін келер,
Соңынан боз арғымақ басып озып,
Айналып  бірін-бірі жүре берер.
/Түн, таң, күн/.

Баяғыда болыпты екі патша,
Бірі қуып бара жатса, бірі қашса,
Артында он екіден баласы бар,
Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса.
/Күн мен ай,он екі ай -

Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,
Мұнша үйректі санап алу елдің салты.
Күніне бір үйрегім жоғалады,
Айтшы сен сол үйректі кім алады?
/Календарь/.

Бір нәрсе дөңгелейді шыр айналып,
Келеді бір жеріне қайта айналып,
Қызықты мұндай нәрсе бола ма екен,
Отырар оны көрсе ер жайланып.
/Сағат/.

Желсіз, сусыз айналған бір диірмен,
Шыққан күннен айналып бірдей жүрген.
Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар,
Ақылың жетік данасың ойлап білген.
/Сағат/.

Мен көрдім күн шығыстан бір диірмен,
Түс болса тұрады екен оң бүйірден.
Қшінде қылдан нәзік бір жібі бар,
Ол жіпті қолы епті, кім иірген.
/Сағат/.

Өзінен өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен, шіркін-ай, кім иірген?
/Сағат/.

Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?
/Сағат/.

Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.
/Сағат/.

Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.
/Сағат/.

Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.
/Сағат/.

Дөңгелек аяғымен жер баспайды,
Жерінен уағдалы адаспайды.
Білімді қанша адам болса-дағы,
Бір адам біліміне таласпайды.
/Сағат/.

Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз көлдің суын ішті.
Көрді де сол үйректі он екі арқар,
Үш жүз алпыс қозыға болды ішті.
/Бір тәуліктегі 24 сағат, бір айдағы 30   
күн, бір жылдағы он екі ай, 360 тәулік/.

Айнала қорған салдым, 
Ішіне жеті бөлме үй салдым.
Жеті үйдің ішіне бір әйнек,
Бір шырақ қойдым.
/Дүниенің төрт бұрышы, жеті күн, 
ай мен күн/.

Он екі үйрек, бір сұңқар,
Жағалап ұшып сымпылдап.
Отыз қызғыш, төрт қыз бен,
Айнала жүріп сұңқылдап.
/Бір жылдағы он екі ай, бір  айдағы төрт жұма, отыз күн/.

Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.
/Жыл он екі ай, бір айдағы отыз күн,
бір күндегі кү

0,0(0 оценок)
Ответ:
ishimovaalbina
05.10.2022 14:33
 1.      Қар мұз еріп,
су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.                   Көктем
2     .Өрік алма, Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады.
Жаз Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады.
Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады.                            Күз
3.    Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды.
Қарға омбығып, Бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды.
Суда мұз бар, Жерде қар бар.
Боран борап соғады, Бұл қай мезгіл болады?                 Қыс 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота