Туған ауылымның адамдарын білемін ғой. Олар менің енді қайтып оралмасыма көздері әбден жетпейінше, біздің үйдің отын ешқашан сендірмейді. Әрбір адамның туған жерінде жүрегіне ыстық отаны — ошағы болады. Ол ошақтағы жарқыраған от әрқашан қол бұлғап, иесін өзіне шақырады да тұрады. Сондай оттың менің ата-анам қоныс еткен үйде де әлі күнге жанып тұрғанына кәміл сенемін. Ол — сонау көгілдір таудың етегінде, менің алғашқы балғын қуанышым мен жабырқаулы балалық шағым өткен өлкеде.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку