lshellter
04.08.2022 19:21

МӘТІНІ Берілген мәтінді мұқият оқып, мазмұнына мән беріңдер. Достар Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады», – деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйі алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып, үйден шығып, досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Екеуі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады. https://angimeler.wordpress.com/category Тапсырма №1. Берілген мәтін мазмұны бойынша тұжырымның дұрыс нұсқасын көрсетіңіз. [ ] Бірнеше жауапты белгілеңіз. Барлығы дұрыс 2 жауап бар. Дұрыс жауап саны: 2 В) Екі дос бір егістікте жұмыс істемейді. Б) Достар бір-бірінің жасырын істерін біліп қойып, езулерін жия алмады. Г) Бірі үйленбеген, жоқ. А) Жалғыз тұратын адамның қажеттілігі де, шығыны да аз болады. Ә) Егер адамның жақын тумалары болмаса, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды. Артқа Алға

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
supervitalik15
08.03.2023 17:25
Менің сыныбым алтыншы "а" сыныб. менің сыныбым өте тату. біздің сыныбымызда он үш ұл және сегіз қыз.барлығы жиырма бір оқушы. біздің сыныбымыз бесінші қабатта орналасқан екі жүз бірінші кабинет. біздің екі сыныптасымыз мектеп -ішілік олимпиададан бірінші орын иегерлері атанып мақтау қағаздарымен марапатталды.  үш сыныптасымыз еркін күрестен алтын иеленді. ән байқауынан алтынай сыныптасым жақсы өнер көрсетіп сертификатпен марапатталды. біздің сыныбымыздын мақтаныштары.  демалыс күні біз сыныбымызбен саябаққа барып қаланы көркейту үшін сегіз түп қарағаш ағашын отырғыздық. қала әкімдігінен келген аға бізге риза болып қалды. мен өз сыныбымды жақсы көремін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
карина5647
22.02.2021 15:36

Мұғалім: - Саламатсыздар ма, оқушылар?

Оқушылар: - Саламатсыз ба,ағай?

Мұғалім: - Сынып,түзел,тік тұр!Бүгін біз футбол ойынын ойнайтын боламыз.

Оқушылар: - Алақай!

Мұғалім: - Алдымен футбол деген не,тарихын,ережелерін қысқаша түсіндіріп өтейін.Арасында сұрақ қоям,дайын болыңдар.

Оқушылар:- Ия!

Мұғалім: - Футбол - спорттың ең танымал командалық ойын түрі.Ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

Оқушы: - Аяқ және доп деген мағына береді.

Мұғалім: - Дұрыс.Ойын тарихы ХІІ ғасырдан басталады.Ең алғаш Англияда дамыған еді.Сұрақ:әр командада максималды неше ойыншы?

Оқушы: - 11 ойыншы,оның біреуі - қақпашы.

Мұғалім: - Дұрыс.Қақпашыдан басқа қорғаушылар, жартылай қорғаушылар,шабуылшылар бар.Бір ойынның аты - матч.Ойынның мақсаты неде?

Оқушы: - Мен айтайыншы!Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Мұғалім: - Өте дұрыс.Ендеше бір,екіге саналып,командаға бөлінейік.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота