Менің сүйікті жазушым ол дана Абай. Қазақта жақсы сөз бар:"Қазақ десе Абай есіме түседі? Абай десе Мұхтар есіме түседі". Абай қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, табиғатын, азабын, салт-дәстүрлерін және т.б, бейнелеген ақын. Оның 45 қара сөзі бар. Әр қара сөзі нақыл сөз, тәрбиелік мәні зор болып табылады. Абайды бас ақын дейді. Абайдың кем дегенде бір өленің білмеген адамды жетесіз деп санауға болады.Ол көптеген тілді біліп, Шығыс ғалымдарынан аударған. Сондықтан мен Абай атамды мәңгілік сүйіп, құрметтеп өтем.
Жастардың міндеті-білімге ұмтылу.Қазіргі кезде жастарға арналған білім ордалары көптеп саналады.Білім деңгейі жоғары азаматтар еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етеді. Ол үшін мамандық таңдап, белгілі бір кәсіп иесі болу шарт.Білімді азамат елге, қоғамға пайдалы болуды ойлайды.Білім-таусылмас кен демекші, жоғары білімді мамандарымыз біліктіліктерін арттырып, мықты мызғымас елдің іргетасын қалау үшін еңбек етуде.Жас маман жан-жақты болғаны жөн.Өйткені еліміз олардан зор үміт күтеді, мол сенім артады.