— Әке-шешем қарапайым жұмысшы, отбасындағы тек адал еңбектерімен ғана өсіріп жеткізген адал да, еңбексүйгіш адамдар болды. Жаз шыға егін егіп, күзге қарай оны жиып-теріп, сатып дегендей, тек қана еңбекқор болуға тәрбиелендік. Өмірі май құю станциясында жұмыс істеген әкем соғыс ардагері, қадірлі ақсақал болды. Әкем де, атам да өз әкелерінен жалғыз болған екен, шешем де жастық шақтары ашаршылықпен, одан кейін соғыспен сәйкес келіп, көп қиыншылық, жетімдік көрген адам. Сондықтан да болар,