anitamirzikkk
15.02.2021 00:39

Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 2015 жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Ол нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әлеуметтік желі арқылы танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұны Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», – деген еді Президент. Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті жерлеріне қойылды. «Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», – деді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин. Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде суреттерімен, пікірлерімен бөлісіп жатты. Тіпті, республикалық арналардың бірі фотобайқау жариялап, арнайы бейнематериал жасаған болатын. Ақпараттық қолдаудың арқасында, қазақстандық заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.
1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз.
1. көмектесу -
2. өнім -
3. жалақы –
4. жанұя –

2. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз

1. Бұл үндеуден кейін ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады.
2. «Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз.
3. Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде бөлісіп жатты.
4. Ақпараттық қолдаудың арқасында,заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.

3. Мәтінді оқып, 4 сұрақ құрап жазыңыз.
Біз әйелдердің түрлі кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы туралы көбірек айтамыз. Ал отбасындағы ер адамдардың жағдайы туралы мүлде ұмыттық. Гендер осыны да айтуы керек. Мысалы, ер адам отбасында көп жағдайда әйелдер тарапынан психологиялық қысымға ұшырайды. Өйткені ер адамға отбасын асырау міндеті жүктелген. Егер олар тең болса, әйел адамға да ол міндет жартылай жүктелсін деген мәселе қойылуы керек еді ғой. Немесе әскер қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жұмыста көбіне өлімжітімге душар болатын да солар. Ер адамдар, негізінде, психологиялық жағынан әлсіз болып келеді. Сондықтан ерлердің де мүддесін қорғау маңызды. Біз қазір тең құқылық дегенді де шатастырып жүрміз. «Тең» басқа, «бірдей» басқа.
Әйел мен ер адам ешқашан бірдей бола алмайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да. Биологиялық, физиологиялық жағынан айырмашылық бар. Психикалық жағынан да бірдей емес. Әлеуметтік рөлдері де бөлек. Тіпті, ақыл-ой деңгейі, сана, ойлау жүйесінде де айырмашылық бар. Мысалы, ерлер абстрактілі ойлайды. Ал әйелдер абстрактілі ойлауға бейім емес. Оған дәлел, философия тарихында бір де бір атақты әйел философ жоқ. Табиғи болмысы сондай.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vitek0000
30.03.2022 12:22

Матасу.

1. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.

2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.

Мысалы: Сенбілікте біраз жаңа ағаштар отырғызылып, қалған ағаштардың түптері әктелді.

Ауыл тұрғындары барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

Қабысу.

Сөздердің ешбір жалғаулықсыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.

Мысалы: Ағам ата - анамның мерейтойына алтын сағат сыйлаған болатын.

Үйірмемізде қызықты оқиғалар жиі болып тұрады.

Жанасу.

Сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеу мен етістік жанаса байланысады.

Мысалы: Арман бұл жиналысқа ақпарат алу үшін әдейі келді.

Мен сол арқылы бұл әлеуметтік жоба туралы білдім.

Меңгеру.

Сөздердің ілік септіктен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.

Мысалы: Бұл сыйлықты мен құрбыма бердім.

Кішкене қарындасым ойнап жүріп суды төгіп тастады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
nikaz1
07.05.2020 06:09
Атау с не? уй                      кім? ғалым                 кім елші                  
Ілік с  ненің? үйінің            кімнің? ғалымның      кімнің елшінің
барыс с неге? үйге          кімге? ғалымға          кімге елшіге
табыс нені? үйді               кімді? ғалымды           кімді елшіні
жатыс с неде үйде            кімде? ғалымда           кімде елшіде
шығыс с  неден? үйден    кімнен? ғалымнан        кімнен елшіден
көмектес немен? үймен    кіммен? ғалыммен    кіммен елшімен

не? бүркіт
ненің? бүркіттің
неге? бүркітке
нені? бүркітті
неде? бүркітте
неден? бүркіттен
немен? бүркітпен
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота