крист34
03.03.2021 00:02

.Выберите одну из тем,напишите текст объемом 50-70 слов.При этом используйте виды местоимений, времена глагола,пишите правильно окончания в словах ,в конце предложений ставьте правильно знаки препинания Тема эссе “Астана-мәдениет пен өнер ордасы” или можно “Қазақстан қорықтары”

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
рита429
17.12.2020 03:14

Достық – адамдардың бір - біріне адал , қалтқысыз сеніп , бір мүдделі , ортақ көзқараста болатын қасиеті . Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың , рухани жақындықтың белгісі . Нағыз достық кісіге шабыт беріп , өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға , басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі . Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін . Мысалы , біреуінде қызбалық не шабандық , екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да , бұлар достыққа кедергі бола алмайды , қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі . Сатқындық , екі жүзділік , өтірікшілік , өзімшілдік достықпен сыйыспайды . Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді . Халық арасында достық туралы мақал - мәтелдер жеткілікті : “ Дос жылатып , дұшпан күлдіріп айтады ” , “ Досы жақсының , өзі де жақсы ” , “ Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені , қайғының бәрі соның басында ” . Достыққа қарама - қарсы ұғым қастық пен күншілдік . Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын , ырыс - бағын көтере алмайды , дос дегеннің не екендігін білмейді . Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі ; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси , экономикалық , мәдени мүдде тұрғысынан Ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр . Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет . Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық . Дос табу оңай , ал оны сақтау одан да қиын . Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап , берік сақтау керек . Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты . Біздер достықты сақтау үшін жан - тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек . Қайтарымын қажет етпей , берудің жолдарын үйрену керек . Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады . Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді .

Объяснение:

надеюсь хоть чем то

0,0(0 оценок)
Ответ:
maksimgrig12
06.09.2021 00:03
Бауырсақ – қ шағымыздан бері сүйіп жейтін тоқашымыз. ол әрқашан кез-келген үйде, кез-келген жағдайда біздің дастарханымыздан табылады  қажет азық-түлігіміз: ұн – 6-7 стақан су (жылы) – 500 мл қант – 2 асқасық сұйық май – 0,5 стақан ашытқы – 2 шай қасық тұз – 1 шай қасық 1. алдымен суға + ашытқы + тұз + қант салып, араластырамыз. 2. ұнға майымызды құйып, қасықпен араластырамыз ұнның үстіне дайын суымызды жайлап құйып, қамыр илейміз, судың 400 мл-і қамыр илеуге, 100 мл-і,қамыр қолға жабысқанда қолды сулап тұру үшін қажет. 3. егер су қалып қойса, қамырды сулап қоямыз, сол кезде қамырымыз жұмсақ болады. 4. бетін пленкамен жауып, жылы жерге қоямыз 30 минутта ашуы керек. 5. қамрымызды бір қайтарып, үш немесе одан да көп күлшеге бөлеміз ұн сеуіп, жаямыз стақанмен жайған қамырымыздың үстін басып, осылай бөліп аламыз, төрт бұрышты қылып кесуге де болады. маған осылай ұнайды. 6. бетін 15 минутқа жауып қоямыз, тағы да көтерілу керек. 7. қызған майға пісіріп аламыз.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота