Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
1) Ең үлкен кітапхана- Швейцарияда Сен-Галльда орналасқан.
Ал екінші орында Дублиннің Тринити-колледжінің Кітапханасы.
Йель университетінің сирек кездесетін кітаптармен көне қолжазбалар кітапханасы.
Джей Уокер —50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.
Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған.
2) Ең үлкен кітапхана қайда орналасқан?
Екінші орында қандай кітапханасы ?
Йель университетінің сирек кездесетін кітаптармен көне қолжазбалар кітапханасы?
қай кітапханада 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар?
Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасын қай жылы салған?
3) Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы, Дублиннің Тринити-колледжінің Кітапханасы, Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы, Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер, Йель университетінің- бұл кітапханалар өз кітаптармен бай. Осы кітапханаларда сирек, бұрынғы жазылған кітаптар, қолмен жазылған кітаптар бар.