- әр отбасында неге ата-ананың орны бөлек? -өйткені ата-анамыз бізді бағып-қағып өсіріп келе жатқан адамдар.Қалай ғана олардың орны бөлек болмайды? -Бала әкеден, анадан қандай нәрселер алады? -əрине,анадан тəлім-тəрбие алады. -Бала - адамның бауыр еті" дегенді қалай түсынеміз? -Əрбір ата-анаға өз баласы өз қанынан жаралғасын бауыр еті болады - ата-ана баласының қандай болғанын қалайды? -Əрбір ата-ана баласының жақсы болғанын қалайды.Ешқандай ата-анада өз баласына жамандық ойламайды. - неге әке мен ана артына ұрпақ қалдыруды көздеген? -себебі артындағы баласына мұраларын қалдырып кету үшін ұрпақ қалдыруды көздеген. -ұрпақ деген кімдер? -ұрпақ деген жастар яғни біздер жалғастырушылармыз.Ата-бабамыз қалдырған мұраларды жалғыстырамыз
Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүру – өмір заңы. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз, телехабарлардан көреміз. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку