Almazik20056
22.12.2021 15:22

Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз. Қамбар екі апта жол жүріп Айлаққа жетеді. Ертеңінде оянса, бір үйде ұйықтап жатыр екен.
Үйден шықса, бұл қалаға келген адамдардың барлығы осында екен. Ол қуанып бәрімен
амандасып, мән-жайды сұрастыра бастайды. Сол кезде бір қарт адам: «Балам-ау, отырып, дем
ал, сол кезде не екенін айтамыз», — дейді. Бәрі тамақтанып отырады. Тамақтары біздің қазақ
елінде жоқ, тіпті бүкіл жер шарында жоқ тамақтар екен. Тамақтары аузына сала бергенде, еріп
кететін жақсы екен, дәмі де тіл үйірерлік. Тамсана жеп отырады. Сол кезде жаңағы қарт адам
әңгімесін бастайды. Бұл жер әрине әдемі, жақсы және ең маңыздысы бұл жерде тұратын
адамдар ешқашан қартаймайды, — дейді. Бірақ, ең жаманы бұл жерден бізге шығуға болмайды,
— дейді. Сонда Қамбар: «Сіз бұл жерде не бар екенін айтыңызшы, бұл жердегі белгісіз жан
адам ба, не?» — деп сұрайды. Сол кезде әлгі адам: «Бұл жердегі жан адам емес, бір құбыжық.
Бірақ өте мейірімді құбыжық. Бұл жерде тірі жан болмағанын біліп, осында адамдар
қоныстансын деген оймен біздің ғаламшарымызға келген екен», — дейді. Сонда Қамбар: «Онда
неге біз бұл арадан шығып адамдарды шақырмаймыз?» дегенде, әлгі құбыжық келіп: «Мен
сендерді жіберсем, сендер басқа адамдарды шақырасыңдар, ал олар бұл жерге қызығып осында
келгісі келеді», — депті. Қамбар: «Келсе не болыпты, оның зияны жоқ қой, саған керегі де сол
ғой», — депті. Сонда құбыжық: «Адамдардың бәрі осында келеді де, адам саны көбейіп, бұл
Айлаққа сыймай кетеді, ақсүйектер қарапайым адамдарды бұл жерден қуа бастайды», — деп
жауап қайтарады. Сонда Қамбар ауылына қайтып, осы жерде не болып жатқанын айтып, ауылға
көшуі керек екенін айтып, жіберуін өтінеді. Бірақ құбыжық жібермеймін деп қоймайды. Сонда
Қамбар қашып құтылмақшы болады. Бірақ қолынан түк келмейді. Егер қашса, онда отбасына
кесірі тиетіні ескертіледі. Қамбар жарайды деп осында қалады. Ақжүніс Қамбар енді қайтпайды
деп үмітін үзеді. Сол кезде ауылдағы адамдардың бұл отбасына жаны ашып, ауылға тұрғызады.
Олар рақметін айтып, сол жақта тұра береді. Ақжүніс бір бай адамның үйінде аспазшы болып
істеп. ақша табады. Ал Қамбар сол қалпы Айлақта тұра береді. Біраз жыл өткеннен кейін
құбыжық: «Енді мен өз ғаламшарыма қайтайын, бұл жерде барлығы сол қалпы қалады, тек
адамдар қартаяды», — деп өз ғаламшарына ұшып кетеді.

2
Мәтіннен 2 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1
1
2
2

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
RDD1
31.08.2020 06:40

Көш жолдары – қыстаудан жазғы жайылымға немесе жаз жайлаудан қыстауға көшетін дәстүрлі көш бағыттары. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына байланысты қалыптасып, халықтың үш мың жыл бойғы табиғатты пайдалануы мен тыныс-тіршіліктерін қамтамасыз етуінің негізгі формасы – көшпелі мал ш. болды. Бұл реттегі өндіруші шаруашылықтың басым кәсібі экстенсивті (сан жағынан көбею, жайылымды кеңейте түсу) көшпелі мал ш. болатын, ал оның басты ерекшелігі – мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті, малды жыл он екі ай бойы жайып бағу еді. 15 – 17 ғ-ларда далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде басым тұрғыда – тарихи қалыптасқан, қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және жартылай көшпелі мал ш. сақталды. Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді. Көктеу, жайлау, күздеу, қыстау секілді маусымдық жайылымдарды алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lenapanfilova0
31.08.2020 06:40

құпия таңба деген болады.

Руналық жазу (көне сканд.run - көне, құпия) орыс. руническое письмо — 2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл әліпбидің құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Ғылымда 150-дей жалпы германдық бұрынғы (үлкен) Руналық жазу (негізінен Ютландия, Скандинавия аралдарымен Еуропаның басқа аудандарында) және 3500-ден аса кейінгі (кіші) Руналық жазу белгілі. Руналық жазудың ерекше түрі 7—10 ғғ. Англияда болған. Бұрынғы Руналық жазу мен кейінгі Руналық жазу қызметі жағынан да, тілі жағынан да бір-бірінен ерекше. Бұрынғы Руналық жазу қару-жараққа, тасқа жазылған. Олардың тілі негізінен біркелкі және өте ескі, көне герман тілдерінің ешбіріне сәйкес келмейді. Сонымен бірге ол сиқырлау мақсатында да қолданылған сияқты. Ал кейінгі Руналық жазуда көне Скандинавия тілдерінің ескерткіштері (тастағы мемориалдық жазулар) жазылған. "Руналық жазу" термині басқа көне жазуларға қатысты да айтылады, мысалы, дат ғалымы В. Томсен оны көне түркі жазулары үшін қолданған.[1]

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота