Саясат (гр. політіка — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді
Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. уорлд політіцс] - ХХ ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді.
Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарын қамтиды.[1]
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады.