ArianTop
30.03.2022 18:08

Берілген ақпараттарды түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, перифразалаңыз. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді.
Қарлығаш [] ұшады, тіршілігінің []уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді.
Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді.
Су үстінен [] бара жатып-ақ су [].
Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді.
Ұясы жарты ай немесе түбі [], аузы [] құмыра пішінді.
Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады.
[] биіктеп ұшады да, ауа райы [] болар алдында [] ұшады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
серья192837465
24.01.2020 10:12
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
jokerreal30
07.03.2020 23:27

Бәсекеге қабілеттілік - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы; мемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі.

XX ғасырда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру көптеген елдердің сыртқы экономикалық саясатында негізгі басымдықтарға,мемлекеттік реттеудегі сыртқы бағдарға айналды. Халықаралық бәсекелестік мәні бойынша әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесінде өз орнын алу құралы болып табылады, оған тек ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Экономикалық жаһанданудың басталуымен бәсекелік қатынастар шын мәнінде ғаламдық сипат алды. Әлемдік шаруашылық жүйе олардың әлемдік нарығын құратын ұлттық экономикалардың жиынтығы ретінде түсініледі. Сонымен қатар трансұлттық корпорациялар (ТНК) қатарымен бірнеше экономикаларға қатысады. Жекелеген ұлттық экономикалар өзара бәсекелесіп, бүл бәсекелестікке оны қашан да жаншуға тырысатын ТҰК еліктіретін қайшылықты жағдай туындайды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота