Aloyna111
14.05.2020 10:42

Төмендегі сөздерді қатыстырып , мәтіннің мазмұнына қатысты 5 сұрақ құрап айт . Үлгі : Студенттің серігі Антонға не үшін кеңес берді ? Үшін , көмек , әлі , бөгде , берешек , толыққанды , кеңес . Француз жұртының бір білімді адамы былай деп жазады : 1791 жылы өзім « университет » деген үлкен школда оқып жүрген жігіт едім Апта сайын версаль қаласындағы шешеме жаяу барып - қайтып тұратынмын . Сонда әрдайым жолымда Антон » деген тіленші қайыр сұрап отырушы еді . Бір күні тағы сол жолмен келе жатып , орта бойлы арықтау кісімен колыктым . Екеуіміз бір а неле жатқанда Антон алдымыздан шығып , қайыр сұрады . Қасымдағы кісі тоқтап , Антонның bетіне қарап тұрды да : - Сен қарауға есті кісі секілді көрінесің , жұмыс істеуге қуатың да бар Сәйте тұрып , мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің . Бай болғың келсе , мен саған ақыл айтайын : мен өзім де сендей кедей едім , бірақ Тіленші болған жоқпын Елден қала наладан қыдырып жүріп , әуелі қоқыстан не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап . нып жүрдім . Ол шүберектерді қағаз істейтін фабрикаларға апарып саттым . Сөйтіп , біраз ақша болған соң бір есек , бір арба алдым . Мұнан соң әуелі аздап , бара - бара көбірек , әр үйден ескі - құсқы , тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып , арбамен жүріп сауда ете бастадым . Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша таптым . Содан кейін қағаз фабрикасына кірістім . Жасым жас , ісіме нық , жинақты , еріншектікті білмедім . Осы күнде ені үлкен тас үйім бар . Фабрикамды балама бердім . « Балам да аштық көре қалмас » деген үмітім бар . Себебі баламды жасынан бос жүруге , еріншектікке , қиналмай мал табуға үйретпедім . Осы айтқанымды тыңдап , еңбектен қашпасаң , сен де бай боласың , - деді де жөнiне жүріп кетті .Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып , қайыр сұрауын да ұмытып , тұрып қалды . 1815 жылда « Брюссель » деген қаладан өтіп бара жатып , бір кітап сататын үлкен - деп бұйырып дүкенге кірдім . Дүкеннің ішінде бірнеше приказчикке : « Олай ет ! Бұлай ет ! тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс көрінді . Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп бетіме қарап тұрды - тұрды да қасыма келіп : — Айып етпесеңіз , сұрайын . Мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп , жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүруші ме едіңіз ? - деді . Сонда ойыма түсіп , таңғалып : - Сен Антонбысың ? – дедім . Pa - ac , деді Антон , Мен сондағы көрген тіленші Антоныңызбын . Бір күні қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме қонды . Тіленшілікті тастап , жұмысқа кірістім . Ісіме нық , малыма күтімді болдым . Ақырында , сол кісінің айтқаны келіп , мінекей , осы зор дүкеннің иесі болдым , деді .​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nikita1197
22.02.2021 00:59
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Файрома
28.12.2020 01:06

Файзолла Мұртазаұлы Оразаев 15інші желтоқсанның1938жылы Түркістан облысының Түркістан ауданының Иқан ауылында туылған. Ол ғалым, филология ғылымдарының докторы. ҚазҰУ- ды 1960ыншы жылы бітірсе, ал ҚазҰПУ-дың аспирантурасын 1969жылы бітірген. 1960 - 1966 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат")кітабында , "Жұлдыз" журналдарында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясында аға редактор.Оразаевтың ғылыми ізденістерінің бір саласы журналистика. Ол -

"Орыс журналистикасының тарихы" (1986),

"Қазақ журналистикасының тарихы" (1996, Қ.Алдабергенов пен Ж.Нұсқабайұлымен бірге), т.б. оқулықтардың авторы.

Орыс жазушылары М.Горькийдің, А.Станюковичтің, өзбек жазушысы П.Қадыровтың, У.Хашимовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған(қысқаша) ʕ •́؈•̀ ₎

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота