sheealice
03.10.2021 12:45

Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтап, екі-үш проблемалық сұрақ дайындаңыз. Ірімейтін тағам асқазанымызды шірітіп жүрмей ме? Тау асып, теңіз басып әкелінген трансгенді өнімдер туралы даудың көрігі қызып кетпесе де, қоғамда екі ұдай пікір қалыптастырып отыр. Тағамтану саласының кей мамандары оны қоштаса, оқығаны мен тоқығаны көп болмаса да бір білері бар ауылдағы ағайын мұның астарында қандай да бір құпия барын біледі. Табиғи емес өнімдер расында ірімейді, шірімейді, сөреде айлап емес, жылдап тұра береді. Сырты жылтырап, өзі ірімесе де, асқазаныңызды шірітіп жатпағанына кім кепіл? Аштан емес, астан өлмейтініңе де кепілдік жоқ. Қолдан өсірген емес, қолдан өлтірген тағамдардың кесірінен құбыжық сәбилердің, түрлі аурулардың көбейіп кетуінің бір ұштығы осында жатқан жоқ па екен? Алайда ол туралы ресми статистикалық дерек мүлдем жоқ. Батыс ғалымдары мутацияға ұшырау – генетика ғылымының қарқынды дамуы себебінен деп есептейді. Ал гендік инженерияның Отаны саналатын Америкада гені модификацияланған өнімге кең жол ашылған. Әлемде мыңнан астам гені модифи- кацияланған «өнер туындылары» бар. Бірақ оның тек 100-іне ғана шығаруға рұқсат берілген. Кәрі құрлықта өнімнің қорабында ГМО туралы ескерту белгі жапсырылады. Ал біздің елімізде мұндай мәдениет қалыптаспаған. Тіпті сол шетелден келген импорт өнімдерге ескерту жазылсын деп те міндеттей алмай отырмыз. Азық-түлік пен көкөністің көбісі Қытайдан келетіндіктен, онда иероглифтен басқа ештеңе жоқ. Еліміздегі No1 тағамтанушы Төрегелді Шарманов болса осы өнімдерге шаң жуытқысы жоқ. Ал алмұрт деген атауы бар қолдан жасалған жемісті жесеңіз қағаз шайнағандай боласыз. Бақшаңызға өзіңіз өсірген қызанақпен салыстырып көріңізші. Өзіңіздікі дәмі тіл үйірерліктей болғанымен екі-үш күннен артыққа шыдамайды. Босап кетеді. Ал қытайлық қызанағыңыз тастай қатып жата береді. Жарамдылық мерзімі жарап тұр. Осыдан кейін ойға қаласың, расында, Қытай өнімдерді гендік модификацияны қолданып өсірген бе деп. Бірақ олар дәл осыны қатаң құпияда ұстайды. Ешқандай мәлімет ала алмайсыз... Ресми е

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
777496
16.08.2020 05:27

8 наурызға анама тілек

Менің өмірімдегі ең асыл жан, аяулы да сүйікті қамқоршым,  сезімімнің жыр ағысы, маған жарық дүние сыйлаған  Асыл Анам, Сізді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі  8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Өмір жасыңыз ұзақ болғай! Сізді сүйемін.

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,

Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.

Асыл ана, құтты болсын мерекең,  

Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
дима2721
20.11.2020 14:16
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды. Қорыта айтқанда, Əр ел өз банкноталарын   басқаларға ұқсас болмайтындай етіп жасауға тырысады. Бұл өзінің дарашылдығын,  тəуелсіздігін көрсету үшін ғана емес,  егер əртүрлі ұлттық валюта банкноталары бір-біріне ұқсас болатын болса,   болуы мүмкін алдау əрекеттерін болдырмау мақсатында туындайды. Жаңа дизайн Қазақстанда соңғы жылдарда болып жатқан өзгерістерді көрсетеді жəне   Қазақстанның    бай мəдени тарихын қазіргі заманғы дизайн элементтерімен байланыстыра отырып біріктіреді.  Мысалы,   банкноталарда жаңа астана Астана қаласының көз тартарлық монументі Астана-Байтерек бейнеленген.  Бет жағында    мемлекеттік əнұран ноталарының фрагменті,  сондай-ақ мемлекеттік ту жəне    елтаңба бейнеленген.  Банкноталардағы    қолдың ашылған алақаны,  қола дəуірінің тас бейнелері достастықты, ашықтықты жəне қажымас қайратты білдіреді. Банкнотаның сырт жағында Қазақстан картасының жаңа астана Астана қаласының жəне басқа қалалардың əртүрлі ландшафтары мен сəулет ғимараттары бейнеленген контуры бар. Мысалы, 10000 теңгелік банкнотада Президент резиденциясы, қазбалар кезінде табылған жануарлардың тастағы бейнелері де банкнота  дизайнында бейнеленген.

Ұлттық валюта —  теңгені енгізген бері 15 жыл өтті.  Бұл біздің еліміздің тəуелсіздігін жариялаған бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады.  Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша-кредит саясатын    жүргізуге мүмкіндік берді. 15  жыл ішінде теңге    біршама    нығайды жəне   ТМД елдерінің анағұрлым тұрақты валюталарының бірі болып қалды. Қазақстандық ұлттық валюта –  теңгенің айналыста 15  жыл болуы Қазақстанның қазіргісі мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңыздылығына объективті баға беруге мүмкіндік береді. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу  Қазақстанның экономикалық  егемендігін іске асыру үшін    негіз болды.  Ұлттық валютаны енгізумен нарық экономикасын құруға бағытталған құрылымдық қайта құрулар жылдамдатылды.  Қазақстан өзінің ұлттық валютасы —  теңгені күрделі жағдайда əзірлеп,  қабылдағанын естен шығармау қажет. Теңгені жасаудағы тұңғыш президентіміздің ерен еңбегін әр қазақ білері сөзсіз.

Ұлттық теңгеміз АҚШ долларындай немесе Еуроодақтың евросындай болмаса да өз тұрақтылығын сақтап, құнызданбауын қалаймыз!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота