
ответ:Бүгінде Тәуелсіз еліміз әлемнiң дамыған елдерiнiң қатарына қосылды. Айбынды мемлекетке айналып, дамудың даңғыл жолына түсті. Мемлекетiмiздiң бас қаласы Нұр-Сұлтан – Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін паш еткен, Отанымыздың жүрегi, тәуелсiздiктiң тiрегiне айналды. Елбасының төл туындысы астана жиырма жылдан аса уақыт ішінде өзіндік келбетін қалыптастырып, әлемнің ең көрікті шаһарларының бірі болды.
Астананы көшіру туралы алғаш рет 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңестің сессиясында өз ойын ортаға салған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев оны табанды әрі жоспарлы түрде іс жүзіне асыра білді.
Объяснение:
Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.