Задание №1 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
«Ғаламтордың зияны» дегенді жиі естіп жатамыз. Меніңше, оның зияны қолданушылардың ішкі мәдениетіне байланысты. Күні бойы компьютерден көз алмау, бас көтермей керекті де, керексіз де ақпараттардың тұңғиығына батып отыру – адамның өзінің ерік-жігерін басқара алмауынан болады. Ондай адамдар компьютерді өзінің қажетіне пайдаланудың орнына, өзі оған «құл» болғанын байқамай қалады. Ғаламтор пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады.
Тапсырма.
1.Ғаламтордың зияны неге байланысты?
2.Ғаламтор пайдасы қандай?
3.Ғаламтордың зияны тимеу үшін не істеу керек?
Верных ответов: 3
өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың
кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса
өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады
қолданушылардың ішкі мәдениетіне байланысты
ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады...