Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. Көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.Ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. Сол Ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. күзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Кейін жайлауда жүргенде бірер бөтен итті атқаным бар,себебі,құтырған ит қасқыр секілді қойды тартып кете береді екен. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. Көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Қаныш Сәтбаевтың балалық және жастық шағы
Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман ауылы.
Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деген есім берілген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған.
Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.
Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді.
Академик Қаныш Сәтбаевтың сара жолы
1921 жылдың басында Қаныш Сәтбаевтың тағдыры бір кездесуден кейін күрт өзгереді. Ол асқынған туберкулезден қиналып, қымызбен емделген-ді. Осы кезеңде Баянауылға емделуге кеңес геологы Михаил Усов келеді. 22 жастағы жігіт геология туралы әңгімелерге қызығып, 1921 жылы халық сотындағы қызметін тастап, Томскідегі техникалық институтқа түседі.
1922 жылдың басында дерті Сәтбаевтың жолына тағы да тосқауыл болады да, жас өрен ауылына қайта оралады. Бірақ Қаныш оқуын тоқтатқысы келмей, үйінде университет курсынан өтемін деп шешеді. Бұған Баянауылға жиі келетін Усов көмектеседі. Сәтбаев жарты жылдан кейін университетке оралып, 1929 жылы оны сәтті аяқтайды.