Саяхат және туризм – адамның өмір салтын білдіретін, бір- бірімен тығыз байланысты ажыратылмас екі түсінік. Бұл демалу, спорт, айналаңды тану, сауда, емделу және т.б. іс-әрекеттер. Бірақ саяхаттың басқа да демалу түрлерінен айырмашылық жасайтын факторлары болады: адамның өзінің тұрғылықты, тұрақты орнынан басқа елге, жерге саяхаттауы.
Саяхатты жеке адамдар, бір мақсатты қудалайтын адамдар тобы, экспедициялар, сонымен қатар құрамында жүздеген, тіпті мыңдаған мамандар бар әскери экспедициялар, дипломаттар, мигранттар мен келімсектер жасауы мүмкін. Кейбір халықтар үшін саяхаттау ғасырлармен қалыптасқан, тұрғылықты орындарының климаттық ерекшеліктерінен туындаған өмір салтына айналып кеткен. Оларға белунджилер, бедуиндер, сығандар және т.б. сияқты көшпелілер жатады. Көшпенділер малдарымен бірге жыл сайын жайлаулардың баршылығына байланысты бір жерден екінші жерге көшіп жүреді, оларға тіпті елдердің шекаралары бөгет бола алмайды. Мысалы, белунджилер әрдайым Пәкістаннан Ауғанстанға сөйтіп көшіп жүреді.
Объяснение:
Ана тілі ардағым.
Әңгіме тіл туралы екен. Менде өз тілім туралы аздап сөз қозғайын. Менің ата-анам жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылының азаматтары. Олар орыс мектебінде оқыған. Ал, ата-әжелерім таза қазақша, барлық салт дәстүрді құрметтеп ұстайтын адамдар. Сондықтан ата-анам орыс мектебінде оқығанмен ана тілін жақсы меңгерген. Бізді де солай тәрбиелейді. Тіл тірегіміз, ана тілі ардағымыз ,- деп үйретеді. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді ардақта,-деп отырады олар маған. Бірақ, қазір тілді білу керек, білу керек,- деген бос ұрандар көбейіп кетті. Мен одан тілге деген құрмет артады деп ойламаймын. Шынайы махаббат тілге деген, елге деген, ұлтқа деген, біреудің айтуымен, зорлығымен, үгітімен емес, адамның жүрегінен шығуы керек.
Объяснение: