Енді қайталау Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақты тап.
Мұқан есебін шығара алмай, басы қатып отырған. Сол сәтте ойына Сәкен түсті. Жүгіріп
Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан оны көшіріп алмақ болды. Бірақ
Сәкен дәптерін бермей қойды. Мұқан досына ренжіп қалды. Ол есікке қарай беттеді.
Сәкен досын тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан Сәкенге риза болып
үйіне қайтты.
1.Сәкен неліктен дәптерін көшіруге бермеді?
2.Мұқан кімнің үйіне келді?
3.Мұқан есебін шығарды ма?