
.Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Галактикалар — ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байқалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын орналасқан деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы.